«Nur Otan» праймеризінің дәстүрлі дауыс беру науқаны басталды
«Nur Otan» партиясы праймеризінің дәстүрлі дауыс беру науқаны басталды. Нұр-сұлтан уақытымен сағат 8.00-де еліміздің түкпір-түкпірінен 2545 сайлау учаскесі есігін айқара ашты.
Сайлау учаскелерінде санитарлық талаптардың сақталуына аса мән берілген.
Елордадағы ең ірі №32 сайлау учаскесі Hillton қонақүйінің мәжіліс залында орналасқан. Мамандардың айтуынша, бүгін ол жерге 100-ден аса адам келіп дауыс береді деп күтілуде.
Айта кетейік, биыл дауыс беру онлайн түрде бюллетенсіз өтуде. Қазір онлайн дауыс берушілердің саны 500 мыңнан асты.
Кеше Орталық ұйымдастыру комитетінің хаттамалық шешімімен Республикалық күнтізбелік жоспарға өзгерістер енгізілгенін еске саламыз. Оған сәйкес, веб-сайт және мобильді қосымша арқылы онлайн дауыс беру мерзімін тура бір тәулікке, 2020 жылғы 4 қазан күнгі сағат 14.00-ге дейін
ұзарды. Ал сайлау учаскелері бүгін, яғни 3 қазан күнгі 14.00-де жабылады.