Праймериз-2020: дауыс беру тәртібін бұзған үміткер сайлаудан шеттетілді

Праймериз-2020: дауыс беру тәртібін бұзған үміткер сайлаудан шеттетілді

Праймериз-2020: дауыс беру тәртібін бұзған үміткер сайлаудан шеттетілді
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиялық бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы «Қазақстан құрылысшылар одағы» БПҰ мүшелерінің праймериздегі онлайн дауыс беру барысындағы бұрмалау дерегі бойынша тексеріс нәтижесін жариялады. Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданынан түсіп жатқан үміткер Ерғалиев Талғат Файзоллаұлының пайдасына дауыстардың бұрмаланғаны туралы ақпараттар түсуіне орай Партиялық бақылау комитеті бастамашы болып, бұл дерекке байланысты арнайы тексеру жүргізді. Тексеру барысында партия мүшелері үшін үшінші тұлғалардың, партия мүшесі емес адамдардың дауыс бергені мәлім болды. Бұдан бөлек «Қазақстан құрылысшылар одағы» БПҰ жекелеген дауыс берушілері басқа өңірлерде тұратын және жұмыс істейтін болып шықты, олардың бұл бастауыш партия ұйымына еш қатысы жоқ. БПҰ мүшелері атына тіркелген ұялы телефон нөмірлерінің шын мәнісінде басқа адамдардікі болып шыққан дерегі де анықталды. «Қазақстан құрылысшылар одағы» БПҰ дауыс беруді ұйымдастыру мен өткізу кезінде «Nur Otan» партиясының Жарғысы, «Nur Otan» партиясының праймеризді өткізу Ережесін бұзуға жол бергенін ескеріп, Партиялық бақылау комитетінің ұсынысы бойынша, партияның Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыру комитеті Ерғалиев Талған Файзоллаұлын праймеризге үміткер ретінде қатыстырмау туралы шешім қабылдады. Жалпы партияішілік сайлауды ашық, таза және әділ өткізуді қамтамасыз ету аясында Партиялық бақылау комитеті 30 тәртіп бұзушылықты анықтап, оған байланысты тиісті шаралар қолданды, бес үміткер сайлаудан шеттетілді, 15 партия мүшесі партиялық жауапқа тартылды. Праймеризді өткізудегі барлық тәртіп бұзушылықтарға қатысты 8 (800) 080 4441 (қоңырау шалу тегін) жедел желісіне қоңырау шалуға немесе komek@nurotan.kz. электрондық поштасына хабарласуға болады. Түскен хабардың бәрін де Партиялық бақылау комитеті егжей-тегжейлі тексереді. Жазықтыларға партия қатарынан шығарып жіберуге дейін қатаң шаралар қолданылады.