Жаңалықтар

Қырғызстанда лаңкестерді азаматтығынан айыру туралы заң бекітілді

ашық дереккөзі

Қырғызстанда лаңкестерді азаматтығынан айыру туралы заң бекітілді

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев терроризм мен экстремизм үшін сотталған адамдарды азаматтығынан айыру туралы заңға қол қойды. Осылайша халықаралық терроризм мен экстремизм саласындағы қылмыстар үшін қатаң жауапкершілікке тартылатын болады. "Қырғыз Республикасының терроризм мен экстремизмге қарсы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу" заң жобасы жарыққа шыққаннан кейін он күннен соң өз күшіне енеді. Ол заңды Жогорку Кенеш 30 шілдеде қабылдады. Заң жүзінде Әкімшілік жауапкершілік кодексіне, Қылмыстық кодексіне, Қылмыстық-атқару кодексіне және "Терроризмге қарсы әрекет", "Экстремизм қызметіне қарсы әрекет", "Қырғызстан азаматтығы" және "Мемлекеттік зейнеткерлік әлеуметтік сақтандыру" заңдарына өзгертулер енгізіледі. Бұл өзгерістер жазалаудың және жаза өтеу мекемелерінде жазасын өтейтіндер үшін шарттарды қатаңдатуға бағытталған. Сонымен қатар кәмелет жасқа толмағандарды қарулы қақтығыс болып жатқан жерлерге аттандыруға қылмыстық жазаны қарастыратын заңға өзгертулер болатыны туралы айтылды. Террористтік және экстремистік әрекеттерді ашық түрде қолдап, ғаламторда жариялағаны үшін қарапайым халық немесе БАҚ өкілдеріне 100 мың сом (1,5 мың доллар) айыппұл салынуы керек деген ұсыныс қабылданды. Егер осы жағдай бір жыл ішінде қайталанатын болса, онда ол қылмыстық жазаға тартылады.   Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 1 тамызда баспасөз конференциясын өткізген болатын.Осы жиында Атамбаев Түркия СІМ мәлімдемесін сандырақ деп бағалаған еді.  Мемлекет басшысының айтқандарын Түркия БАҚ өкілдері "дөрекі және күтпеген жерден" айтылды деп қабылдады, - деп хабарлайды tengrinews Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасай отырып. Бұған дейін, түркиялық СІМ Түркияда төңкеріс жасамақ болды деп айыпталған Фетхуллах Гүленнің Қырғызстанда да төңкеріс жасауы мүмкін деп ескерткен. Хабар таратушы Haber10 сайты "Түрік сценариімен" жасалмақ төңкеріске Алмазбек Атамбаевтың  арсыз мәлімдемесі" деп қойылған мақаланы жариялады. Мақалада мемлекет басшысы "арсыз әрі дөрекі" жауап берді делінген. Олар "егемен елдің шешімдерді дербес қабылдауға күші жеткілікті" екенін алға тартуда. Ahaber басылымы Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесін "қызықты әрі күтпеген жерден айтты" деп жазған. TurkHaber24 Қырғызстан басшысының айтқандарын "күтпегендік" деп бағалады. Басқа да түркиялық жаңалық таратушы басылымдар Алмазбек Атамбаев Чавушоғлыға жауап бере отырып "сәл қоқан-лоққы көрсетіп" және Қырғызстанда төңкеріс болады деп қорқытпауын сұрады деп жазады.