Жаңалықтар

Даниал Ахметов праймериз үміткерлеріне онлайн дауыс берді

ашық дереккөзі

Даниал Ахметов праймериз үміткерлеріне онлайн дауыс берді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов «Nur Otan» партиясының праймериз үміткерлеріне онлайн дауыс берді. Ел тарихында алғаш рет өткізіліп отырған сайлауға облыс әкімі бүгін primaries.kz ақпараттық порталы арқылы онлайн дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Айта кетейік, 14-30 қыркүйек аралығында ашық пікірсайыстар өткізіліп, оның барысында үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстыруға мүмкіндік алған болатын.   ⠀ ⠀ ⠀