Праймериз-2020: «Nur Otan» хатшысы дауыс беру кезіндегі техникалық іркілістер шешімін тапқанын айтты

Сондай-ақ!

«Үй алып берем» деп ақша алыпты

Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беруге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Túrkistan.kz   ІІМ сілтеме жасап. Бұрын сотты болған 60 жастағы М.есімді алаяқ әйел...

Ұрланған 464 телефон табылды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны тәркіледі –  деп хабарлады  ҚазАқпарат . «Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен...

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты  емдеу үшін 465 мың теңгеден 900 мың теңгеге дейін қаржы жұмсалады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «коронавирус инфекциясымен ауырған бір...

Қомақты қаржы жымқырған: Энергетика министрлігі мен облыс әкімдіктеріндегі бірнеше шенеунік тергелуде

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдолла ҚР Энергетика министрлігінің және бірқатар облыс әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларының үстінен...

Сағат 15.00-дегі мәлімет бойынша «Праймериз» жүйесінің жұмысы бір қалыпқа түсті. Партияластардың барлығы дауыс бере алады, техникалық іркілістер шешімін тапты, – деп жазды «Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденей фейсбуктегі парақшасында.

Осы сәтке дейін ел көлемінде 390 мыңнан аса партиялық өз таңдауын жасап үлгерді. Бұл – жүйеде тіркелген барлық адамның жартысына жуық, яғни 49 пайыздан астамы. Интернетке кіру мүмкіндігі жоқ жерлерде тұратын партиялықтар ертең, 3 қазанда арнайы сайлау учаскелерінде қағаз бюллетеньдер арқылы дауыс бере алады. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, 82 214 партиялық қағаз бюллетень арқылы дауыс беру құқығын пайдаланады.

– Ақпараттық жүйедегі сұраныстарды өңдеуге байланысты іркілістер мен қиындықтар бойынша ахуалды жан-жақты түсіндіре кетейін. Электронды форматта дауыс беру Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орта Азияда тұңғыш рет өткізіліп отыр. Праймериздің алғашқы күнінен бастап біз жүйеге түсетін салмақтың аса ауыр болатынын түсіндік. Кешеден бері партиялықтар мен қоғам тарапының назары жаппай праймеризде дауыс беру барысына ауды. Бір мезетте көп адамның ақпараттық жүйеге кіріп отыруы техникалық ақаулықтар тудырып жатыр. Сонымен бірге кандидаттар мен олардың сенімді тұлғалары да онлайн режимінде дауыс беру барысын жіті қадағалап отырғанын білеміз. Кешеден бері жүйеде тұрақты түрде 50 мыңнан астам пайдаланушы отыр. Желілік ауыртпалық негізінен екі бағытта: дауыс беру процесі мен нәтижесін белгілеуге түсіп тұр, – деп жазды хатшы.

Сондай-ақ, Әлібек Әлденей өткен түнде ақпараттық жүйенің мамандары өндіртіп жұмыс істегенін айтты. Сұраныстарға оңтайландыру жүргізілді. Енді дауыс беру және оның нәтижелерін қарау функциялары екі сервер мен интернет-сайтқа бөлінді.

– Дауыс беру https://vote.primaries.kz/ арнайы бөлімі арқылы жүргізіліп, ал нәтижелері https://primaries.kz/ порталында шығарылады. Енді дауыс беру нәтижелерін primaries.kz сайтында ғана көруге болады. Сондай-ақ, дауыс беру нәтижелерін өңдеу мен аралық қорытындыларын шығару кестесі де жаңартылды. Деректер әрбір 30 минут сайын жаңартылып отырады. Бір мезетте өте ауқымды көлемдегі сұраныстардың түсуіне байланысты дауыс беру нәтижелері баяу жүктелуі мүмкін. Техникалық қызмет жұмысы тәуліктік режимге көшірілді, – деп атап өтті партия хатшысы.

«Праймериз» жүйесі дауыс берудің құпиялылығын қамтамасыз етеді. Әрбір дауыс есепке алынады, өңделеді және жүйеде көрсетіледі.

Құрметті партияластар!

Праймеризде үгіт жұмыстарын жүргізу кезінде шынайы бәсекелестік болды деп санаймын. Дауыс берудің соңғы нәтижелері шыққанға дейін әлі уақыт бар. Тұжырым жасауға, қорытынды шығаруға әлі ерте. Барша праймериз қатысушыларын үгіттеу қарқынын бәсеңдетпей, соңғы сәтке дейін әрбір дауыс үшін күресуге шақырамын!

Дауыс берушілерді мәжбүрлеуге және оларға қысым көрсетуге жол беруге болмайды. Сіз үшін шешім қабылдауға ешкімнің қақысы жоқ! Бұл – сіздің құқығыңыз және партияның ғана емес, еліміздің болашағы үшін қабылдайтын шешім үшін жеке жауапкершілігіңіз.

Әділ дауыс беру талабын бұзудың қандай да бір жолына қатаң тосқауыл қойылды. Айыпты болғандарға тиісті шара қолданамыз. Партиялық бақылау комитеті күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Ереже баршаға ортақ, ешкімге артықшылық берілмейді. Осы орайда, қадап айтатын нәрсе – жалаң айыптау болмауы тиіс. Барлық арыз-шағымды нақты фактілермен негіздеу қажет.

Қазіргі кезде Партиялық бақылау комитеті Лаура Маликованың мәлімдемесінде айтылған дауыс беруді бұрмалау фактілеріне қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Егер олар расталса, онда тәртіп бұзушылыққа жол берген кандидат додадан шығарылатын болады.

Мысалы, Түркістан және Ақмола облыстарында партиялықтарды дауыс беруге мәжбүрлемекші болған азаматтар «Nur Otan»-нан шығарылып, жауапкершілікке тартылды. Нұр-Сұлтан қаласында праймеризге қатысушы 3 кандидат тіркеуден шығып қалды. Олардың қатарында Алматы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары да бар. «Праймериз» ақпараттық жүйесінде партия мүшелерін тіркеу кезінде тәртіп бұзушылыққа жол бергені үшін Балқаш қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарына, «Ардагер» БПҰ, «Гүлдер» БПҰ, «Станция Балхаш» БПҰ мен «Шипагер» БПҰ төрағаларына тәртіптік жаза қолданылды.

Партия хатшысы тәртіп бұзушылықтар мен жазалаулар туралы мәліметтерді ақпарат құралдары арқылы жариялап отыратынын жазды.

Кез келген тәртіп бұзушылық бойынша (800) 080 4441 (қоңырау шалу тегін) жедел желісіне немесе komek@nurotan.kz электронды почтасына хабарласуға болады.

Партия праймеризді барынша ашық, әділ және шынайы бәсеке түрінде өткізуге мүдделі.

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Динара Сәтжанның сәтсіз жарнамасы «қызыл аймақ» әкімдеріне ұпай әкелмеді

Белгілі журналист, блогер Динара Сәтжан жақында Өскемен қаласына барып, Instagram әлеуметтік желісіндегі...

«Үй алып берем» деп ақша алыпты

Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беруге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды, деп...

Ұрланған 464 телефон табылды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны...

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты  емдеу үшін 465 мың теңгеден 900 мың теңгеге...

Қомақты қаржы жымқырған: Энергетика министрлігі мен облыс әкімдіктеріндегі бірнеше шенеунік тергелуде

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...