Солтүстік Қазақстанда 28,5 мыңнан астам партия мүшесі өз таңдауын жасайды
Солтүстік Қазақстанда 28,5 мыңнан астам партия мүшесі өз таңдауын жасайды
Солтүстік Қазақстанда праймериздің соңғы кезеңі – қатысушылар үшін дауыс беру басталды. «Nur Otan» партиясының өңірдегі 28,5 мыңнан астам мүшесі өз таңдауын жасайды.
Дауыс беру онлайн форматта және дәстүрлі тәсілмен-бюллетеньдер бойынша өткізіліп жатыр. Онлайн дауыс беру 1 қазан сағат 00.00-де басталды, 3 қазан сағат 14.00-ге дейін жалғасады. Бұл үшін нұротандықтар primaries.kz сайты және App Store мен Play Market-те қолжетімді «Праймериз» мобильді қосымшасын пайдалана алады.