Праймериз-2020: бірінші күннің аралық нәтижелері жарияланды

Праймериз-2020: бірінші күннің аралық нәтижелері жарияланды

Праймериз-2020: бірінші күннің аралық нәтижелері жарияланды
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партияішілік іріктеу шеңберіндегі онлайн-дауыс берудің бірінші күнінің аралық нәтижелерін жариялады. Қазіргі сәтте Primaries ақпараттық жүйесі арқылы 300 мыңнан астам партия мүшесі үміткерлерге дауыс берді. Бұл ретте, сайлаушылар төрт тәсілмен: арнайы мобильді қосымша арқылы, primaries.kz сайты арқылы, сайтта онлайн дауыс беру арқылы немесе интернетке кіру мүмкіндігі жоқ учаскелерде дәстүрлі қағаз бюллетеньді пайдалану арқылы дауыс бере алады. Ал сайлау учаскелерінде дауыс беру сайлаушылар үшін 3 қазан күні сағат 08:00-де басталып, 14:00-ге дейін созылады. Праймериз өткізу ережесінде әр үміткер тарапынан тәуелсіз бақылаушылардың қатысуы қарастырылған, олардың міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайтын ереже бекітілген. Партия баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, «Nur Otan» праймеризіне 10 мыңнан астам кандидат қатысуда. Елімізде бір орынға орташа алғанда төрт адам үміткер болып отыр. Кандидаттардың 70%-ы – өзін-өзі ұсынғандар, мыңға жуығы – партияның жаңа мүшелері. 37% - әйелдер, 29% - 35 жасқа дейінгі жастар. Қатысушылардың орташа жасы – 43 жас. Праймеризге қатысушылар бір ай ішінде 1,3 миллионнан астам адамды қамтыған 57 мыңнан астам үгіт-насихат шараларын өткізді. Праймериз нәтижелері кандидаттардың рейтингтері көрсетіле отырып, 5 қазанда жарияланбақ.