Праймериз-2020: Нұрсұлтан Назарбаев онлайн дауыс берді

Праймериз-2020: Нұрсұлтан Назарбаев онлайн дауыс берді

Праймериз-2020: Нұрсұлтан Назарбаев онлайн дауыс берді
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев праймериз қатысушыларына онлайн дауыс берді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды. Айдос Үкібай Елбасының ішкі партиялық іріктеуге қатысушылардың үгіт-насихат жұмыстары мен қоғамдық пікірталастарын мұқият бақылағанын атап өтті. «Қазақстанның Тұңғыш Президенті үгіт-насихат пен пікірталас кезінде партия назарға алуға тиіс бірқатар конструктивті ұсыныстар айтылғанына тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев барлық партия мүшелерін дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды», – делінген хабарламада.