Жаңалықтар

Ташкентте «Абай» мәдени-іскерлік үйі ашылды

ашық дереккөзі

Ташкентте «Абай» мәдени-іскерлік үйі ашылды

2020 жылы 1 қазанда «Отандастар қоры» мен «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» бірлесе отырып, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі,  ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Ташкентте «Абай» мәдени-іскерлік үйі ашылды, - деп хабарлайды «Отандастар қорының» баспасөз қызметі. ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өткен іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төраға орынбасары Еркін Уйсімбаев, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті Диаспорамен жұмыс басқармасы басшысының кеңесшісі Бауыржан Тоққұлов, Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығы төрағасы Серікбай Үсенов, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілік кеңесшісі Руслан Дүйсенов, «Отандастар қорының», «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының» басшылары мен өкілдері және т.б. қатысты.