Ташкентте «Абай» мәдени-іскерлік үйі ашылды

Ташкентте «Абай» мәдени-іскерлік үйі ашылды

Ташкентте «Абай» мәдени-іскерлік үйі ашылды
ашық дереккөзі
2020 жылы 1 қазанда «Отандастар қоры» мен «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» бірлесе отырып, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі,  ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Ташкентте «Абай» мәдени-іскерлік үйі ашылды, - деп хабарлайды «Отандастар қорының» баспасөз қызметі. ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өткен іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төраға орынбасары Еркін Уйсімбаев, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті Диаспорамен жұмыс басқармасы басшысының кеңесшісі Бауыржан Тоққұлов, Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығы төрағасы Серікбай Үсенов, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілік кеңесшісі Руслан Дүйсенов, «Отандастар қорының», «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының» басшылары мен өкілдері және т.б. қатысты.  width= Іс-шара аясында Ташкент қаласында жұмыс істейтін мәдени-іскерлік үйдің таныстырылымы өтіп, жергілікті қазақ диаспорасының мәдени, іскерлік, білім және т.б. бағыттағы жұмыстарын қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру және т.б. мәселелер туралы айтылды. Еске сала кетейік, Ташкенттегі «Абай» мәдени-іскерлік үйі «Отандастар қорының» дүниежүзіндегі барлық қазақ мәдени-іскерлік ұйымдарын біртұтас желіге біріктіру мақсатында жүзеге асып жатқан «Абай үйі» жобасы аясында ашылып отыр. Жаңадан ашылған орталықтың басты мақсаты – мәдени-гуманитарлық, білім беру, іскерлік, БАҚ және жастар ынтымақтастығы саласында шетелдегі қандастар мен отандастардың мүдделерін қамтитын, белсенді жұмыс істеп тұрған жергілікті қазақ қоғамдық бірлестіктер желісі.