Праймериз: Ақмола облысының әкімі өз таңдауын жасады
Праймериз: Ақмола облысының әкімі өз таңдауын жасады
Nur Otan партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ермек Маржықпаев кандидаттардың сайлауалды бағдарламасымен танысып, лайықты деп таныған азаматтарға primaries.kz мобильдік қосымшасы арқылы онлайн дауыс берді.
Айта кетейік, "Nur Otan" праймеризі партия лидері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық партияішілік сайлау ауқымында өтіп жатыр.
Ақмола облысы бойынша 827 праймеризге қатысушы тіркеліп, ең лайықты тұлғалар үшін 36 мыңнан астам партия мүшесі дауыс беруде.
Үгіт-насихат жұмысы кезінде праймериз кандидаттарына мыңнан астам ұсыныс пікірлер келіп түскен.