Сайын Борбасов: Праймериз үміткерлерінің сайлауалды бағдарламасы орындалса, қоғамда өзгерістер орын алмақ
Сайын Борбасов: Праймериз үміткерлерінің сайлауалды бағдарламасы орындалса, қоғамда өзгерістер орын алмақ
Сайын Борбасов, саясаттанушы:
– Праймериз – әлемдегі дамыған елдер тәжірибесі. Сол елдердегі республикалық, демократиялық партиялар өздерінің қоғамды реформалау, дамыту туралы ұсыныстарын халықтың талқылауына салып, саяси өзгерістерге қадам басады.
Праймеризді біздің еліміздегі өзге де партиялар енгізсе, олардың арасында саяси бәсеке пайда болар еді. Экономикалық және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылып, Үкімет халықтың мүддесіне сәйкес жұмыс істесе, билік пен халық бір-біріне жақындап, әлеуметтік әділеттілік принциптері жүзеге асар еді. Міне, сонда қоғамда нағыз өзгерістер орын алмақ. Мың құбылған әлемде мемлекеттілігімізді күшейтпесек, Қытайдың, Ресейдің экспансиясына қарсы тұрмасақ, тәуелсіздігімізге қауіп төнеді. Мемлекеттілікті күшейту, экономикалық тәуелсіздікті нығайтуда жалаң сөзден гөрі нақты әрекетке көшу маңызды.
Білімді цирфландыру, білімнің сапасын жақсарту да өзекті мәселе. Менің ойымша, ауылдың жағдайын көтермейінші, ел еңсесі тіктелмейді. Аграрлық саланы модернизациялау, ауылдан қалаға ағылған жұмыссыз, үйсіз жастардың жағдайын жасау – сайлауалды бағдарламада орын алуы тиіс. Праймериздің сайлауалды бағдарламасында айтылған мәселелер тиісті дәрежеде орындалатын болса, еліміздің дамуында оң өзгерістер орын алатынына сенуге болады.