Жапония үкіметі шетелдіктердің елге кіру тәртібін жеңілдетті
Жапония үкіметі шетелдіктердің елге кіру тәртібін жеңілдетті
Жапония үкіметі шетел азаматтарының ел аумағына кіруіне қойылған шектеулерді алып тастады. Алайда жеңілдіктердің туристерге еш қатысы жоқ, деп жазады РИА Новости.
Жапония сыртқы істер министрлігінің сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, студенттік визасы азаматтар, сондай-ақ жапон компанияларында қызмет ететіндер мен жапониялық демеушілердің асырауындағы шетелдіктер елге кедергісіз кіре алады. Алайда шетел азаматтары жұмыс берушілер мен демеуші ұйымдар тарапынан қатаң бақыланатын екі апталық карантинде болуы шарт.
Десе де, министрліктің хабарлауынша, елге кіруге рұқсат берілетін азаматтардың саны әзірге квотамен шектелмек. Алдағы уақытта әуежайдағы корнавирусқа тестілеу жүргізетін орындардың өткізу мүмкіндігіне қарай квоталар саны артпақ.
Еске сала кетейік, коронавирустың таралуы салдарынан Жапония 159 елдің азаматтарына өз аумағына кіруге тыйым салды. Соңғы уақытта мемлекет кейбір елдердің кәсіпкерлері үшін шекарасын аша бастады.
Пандемия басталғалы елде 83,5 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. 1,5 мың науқас көз жұмды.