1 Қазан, 15:31 320 0 Праймериз Túrkistan Gazeti

Бұл праймериз бұрынғыдан өзгерек

Елімізде тұңғыш рет "Nur Otan" партиясы Праймериз ережесіне сай партия ішілік іріктеу сайлауын өткізуде. Қазірдің өзінде еліміз бойынша 30 мыңға жуық партия мүшесі онлайн форматта өз таңдауын жасап үлгерді. Олар Түркістан облысы бойынша праймеризге тіркелген 1076 үміткерге өз қалаулары бойынша дауыс беруде.

Техникалық ақауға байланысты "Праймериз-2020" қосымшасының уақытша жұмыс істемей қалғаны дауыс беру кезеңін сәл бәсеңдетіп қалғанын да айта кеткен жөн. Десек те, түркістандық партияластардың дауыс беру белсенділігі бір сәтке де толастаған жоқ.

Естеріңізге салай кетейік, дауыс беру кезеңінде Түркістан облысынан 68 мыңнан астам партия мүшесі онлайн, ал 10 мыңнан астамы офлайн дауыс беретін болады. Ол үшін облысымызда 209 арнайы орын белгіленген болса, олардың барлығы дерлік қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталып, дауыс беруге арналған ноутбуктар орнатылған. Сондай-ақ, дауыс беру орындары интернет желісімен толық қамтылған.

Бір қуанарлығы, елдің праймеризге деген сенімі мен үміті мол. Қосымшаның жұмыс істемей тұрғанын, сол себепті дауыс бере алмай отырғандарын айтып, хабарласып жатқандар аз емес. Осыдан-ақ праймеризге деген елдің қызығушылығы мен сенімін аңғару қиын емес.

Ендеше дауыс беру кезеңі 3 қазан күні түскі 14:00-де тоқтатылатынын ескерген жөн. Оған дейін біршама уақыт бар. Осы мүмкіндікті партияластарымыз тиімді пайдаланады деп сенеміз.

Айдар Сейдәзім,
ақын.

Соңғы жаңалықтар