Жаңалықтар

Шымкентте 5-сынып оқушысы коронавирус жұқтырды

ашық дереккөзі

Шымкентте 5-сынып оқушысы коронавирус жұқтырды

Шымкентте 11 жастағы оқушыдан коронавирус анықталды. Індет жұқтырған жасөспірім №54 мектептің 5-сыныбында қашықтан оқитыны белгілі болды. Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, жуырда кезекші сыныптар саны азаюы мүмкін. Бүгінде қаладағы оқушылардың 22 пайызы ата-аналардың өтініші бойынша дәстүрлі білім беру жүйесімен оқиды. Қалғаны қашықтан білім алып жүр. Алайда індеттің таралуына байланысты үйде оқуға мәжбүр болған балалардың қажеттіліктері әлі толық шешілмеген. Оқушылардың 31 мыңнан астамы интернетке, 37 мыңдайы компьютерге мұқтаж. Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министі 1 қыркүйектен бері елімізде 104 оқушы коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген еді.  Оның 33-і – кезекші сыныптарда оқитын балалар. Олармен қарым-қатынаста болған 550 адам анықталып, оның ішінде 7 адамнан коронавирус анықталды. 71 бала – қашықтан оқып жүріп жұқтырып алған оқушылар. Олармен қарым-қатынаста болған 240 адам анықталып, ішінен 15 адамның індетті жұқтырғаны белгілі болды.