Мұнайлы өлкеде де ағайын мұңсыз емес (+видеорепортаж)

Атырау өңірі Түркіменстан, Өзбекстан және Ресейдің Астрахан облысымен шектеседі. Өңірде 2018 жылғы санақ бойынша 631 841 жан саны тіркелген. Оның 20 мыңнан астамы – шетелден көшіп келген қандастар. Осыған орай газетіміздің Atajurt жобасы аясында Атырау облысына арнайы іссапармен барып, қандастардың тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан едік.

Атырауға жасаған сапарымызда әуелі Дү­ниежүзі қазақтарының қауым­дас­ты­ғының жергілікті өкілі, белгілі қаламгер Өтеп­берген Әлімгереевпен жолықтық. Ол кісі – Атырау өңірінің телерадиосында ұзақ жыл­дар қызмет еткен ардагер журналист,  Ма­хамбет атындағы сыйлықтың лауреаты. «Құр­мет» орденінің иегері. «Еділ жайлаған қа­зақтар», «Алаш аңсаған азаттық», «Сарай­шық» және «Шетел асқан ағайын» секілді құн­ды еңбектердің авторы. Қазір Дүниежүзі қа­зақтары қауымдастығының Атыраудағы бөлім жетекшісі қызметін атқаруда.

– Тағдыр-талайымен, қызмет бабымен, бас­қа да жағдайлармен қиыр қонып, шет жай­лаған қандастарымыз көп. Қазір әлем­нің 46 елінде қазақтар өмір сүріп жатыр. Мы­нау іргелес жатқан Астрахан облысында 250 мыңнан астам қандасымыз тұрады. Одан ары Қалмақ Республикасында 5 мың­нан астам, Сартауда (Саратов) 80 мыңнан астам қазақ бар. Олардың көбі біздің батыс ай­маққа жақын жатқан жерлер болған­дық­т­ан осында көптеп келеді.

Дүниежүзі қазақтары қауымдасты­ғы­ның Атыраудағы бөлімі 2004 жылдан бас­тап жұмыс істеп келеді. Бұл бөлімнің негізгі мақсаты – Атырау облысына іргелес жат­қан елдердегі қазақтармен жұмыс істеу және осында көшіп келген ағайындардың жағдайына қарайласу. Осы ретте Атырау облысында Көші-қон қызметі 1994 жылдан бас­тап жұмыс істей бастады. Иран, Түркия, Түр­кіменстан және Өзбекстаннан қан­дас­тар қоныс аударды. Түркіменстандағы ағайын­дар біздің Жылыой деген жермен бұрын­нан жапсарлас жатыр. Одан бөлек, Қарақалпақстаннан ағайындар көптеп келді. Олардың да арғы түбі аштық кезінде кет­кен және шекара бөлгенде шетте қалған осы өңірдің адамдары, – дейді Дүниежүзі қа­зақтары қауымдастығының өкілі Өтеп­берген Әлімгереев.

– Іргелес жатқан Астрахандағы қазақ­тар­дың «Жолдастық» деген қоғамдық мә­дени-рухани орталығы табанды, жүйелі жұ­мыс істеп келеді. Ресейдің біраз жерінде бө­лімдері бар. Жыл сайын ұлттық мереке­лер­ді ұлықтап, қазақылықты сақтап қалуға өз үлесін қосуда. Ресейдің басқа өлкелерімен салыстырғанда Астрахандағы қазақтардың қа­зақ тілін білуі, ұлттық болмысты және салт-дәстүрді сақтауы анағұрлым артық. Олардың тек Атырау облысы ғана емес, жал­пы батыс аймақтардағы Орал, Ақтөбе, Маң­ғыстау облыстарымен де рухани-мә­дени байланысы берік, – дейді ол.

Атырау – мұнайлы, бай өлке дейміз. Алай­да онда оралған ағайындардың әлеу­мет­тік жағдайы әлі әлсіздеу екені байқалады. Осы­ған қатысты сұрағымызға:

– Алғаш келген кезде қандастарды бас­па­намен қамту мүмкіндігі болды. Жұмыс тауып беру мәселесі де қарастырылған еді. Қа­зір оның бәрі сиреді. Сондықтан проблема да көбейді. Жасыратын несі бар, қан­дас­тарды құжаттандыру ісінде де кемшіліктер жетеді. Мысалы, шетелдерден әртүрлі сала­ның қыр-сырын игерген мамандар келеді. Оларды дұрыс пайдалану жағы да жетің­кіре­мей жатыр.

Әңгіменің бәрі заңға келіп тіреледі. Заң сол­қылдақ. Оны тиянақтап алмай халыққа қыз­мет көрсету қиын, – деп жауап берді ол.

Сондай-ақ оның айтуына қарағанда, Ре­сейден көбіне өндіріске икемді мамандар келеді. Біздің жағдайда мұнайымыз бар, құ­рылысымыз бар бүгінгі индустрия әр салалы. Соның нағыз мамандары шеттен ке­ле­тін қандастардың арасында көп. Өз­бекстаннан ауылшаруашылық саласының мамандары келеді. Біз ауыл шаруашылығын дамытамыз деп айқайлағанда дауысымыз қатты шығады, ал еңкейіп күрек ұстасақ, беліміз бүгілмейді. Қысқаша айтқанда, қа­лай да шетелден келіп жатқандардың бізге әкелетін өзіндік жаңалығы мол.

Біз қанша дегенмен Кеңес үкіметінің құра­мында болдық. Сол санамызға әбден сің­гені сонша, іс-қағаздардың көбін орысша жүр­гізгіміз келіп тұрады. Ал шеттен ке­летіндердің дені орыс тілін білмейді. Дайын мамандар өз саласы бойынша қызмет істей алмайтыны да содан. Шеттен келіп жатқан мамандар бір сөзбен айтқанда өз мүмкін­діктерін пайдалана алмай отыр.

Сондықтан біз тәуелсіздікті нығайтамыз де­сек, ана тілге көңіл бөлуіміз қажет. Қазақ тілі салтанат құрса, шетелден келген қазақ­тар­дың бар мүмкіндігін аша алар едік, – деп ағынан жарылған Дүниежүзі қазақтары қауым­дастығының өкілі Өтепберген Әлім­гереевтің бізге берген жауабына қарап, Аты­­раудағы қандастардың әлеуметтік ахуа­лын зерттей түсуіміз қажет деп түйдік.

Әлбетте, алдымыздан сол құжат мә­селесі, білім саласы және ауыл шаруашы­лы­ғына қатысты қордаланған түйткілдер кез­десті. Ендеше соларға жеке-жеке тоқта­лып өтейік.

Қандастар неге неке куәлігін ала алмай жүр?

Атырау қаласындағы мейрамхана­лар­дың бірінде жұмыс істейтін Қазақстан аза­маты Қуаныш Жұмабек және Қали Қаб­дыуақи өмірлік серігін тауып, үйлен­геніне бір жылдай уақыт болса да, неке куәлігін ала алмай жүргенін айтады.

– Мен Түркі­стан облысында туып-өс­кен­мін. Қа­зақстан азаматымын. Жарым Гүл­жанар Өркенбаева Қарақалпақ­стан­нан кө­шіп келген. Ша­риғат бойынша некеміз қиыл­ды. Бірақ заң­ды неке куәлігін ала алмай жүрміз. Әйеліме Қазақ­стан азаматтығын да бермей отыр. Ол құ­жаттарды алу үшін Қа­рақалпақстанға барып, анықтамалар алып келуі қажет екен. Қа­зір шекаралар жа­­бық. Ал ол анық­та­маларды әкелмесек де­­пор­тациялайтынын айтады, – дейді Қуа­ныш Жұмабек. Ал қан­дасымыз Қали Қаб­дыуақи:

– Мен 2017 жылы кыркүйекте Қытай­дың Тарбағатай об­лысынан Қазақ­станның Атырау об­лысына көшіп кел­дім. 2018 жылы мамырда Қазақстан азаматтығын алдым. Шариғат бойын­ша некеміз қиыл­ды. Ал жұ­байым Қарақал­пақ­­стан­­нан келген. Биыл ақ­пан айынан бері Қазақ­стан­­­да жүріп-тұру мер­­­­зімін 3 ай сайын ұзар­тып отыр­­­­мыз. Кө­ші-қон қызметі әйелі­ме «енді мерзімін со­зып бермейміз, Қа­рақал­пақ­­станға қайт» деп отыр, – дейді.

Бұл туралы заңгер мамандар Қазақстан азаматы шетел азаматына үйленген жағдай­да неке куәлігі берілуі заңды екенін айтады. Тек шетел азаматы келген елінен бұрын не­кеде болмаған деген анықтамасы болса жет­кілікті. Ал азаматтық алуына мүлде ке­дергі болмауы керек дейді.

ҰБТ-дан шектік балл жинай алмай қалған қандастар не істейді?

2019 жылғы қарашада Қытай елінің Іле об­лысынан Атырау қаласына көшіп келген қандасымыз Серік Айпанұлы балаларының оқу үлгеріміне көңілі күпті. Әсіресе, он жыл қы­тай тілінде білім алған қызы биыл он бірін­ші сыныпты онлайн оқып жатыр. Осы­ған орай енді қызы жоғары оқу орнына түс­пей қала ма деп алаңдайды.

– Бұл кісілер ұрпақтың ұлттық болмысын, салт-дәстүрін сақтау және Қазақстанда өз ана тілінде білім алуы үшін көшіп келген. Балаларының барлығы қытай тілінде білім алған. Осы жақтың жазуын дұрыс білмейді. Қазіргі коронавирус жағдайына байланыс­ты онлайн оқып жатыр. Оқу үлгерімдері мәз емес. Сол үшін әке-шешесі балаларын оқы­тамыз деп келгенде ертең оқуға түсе алмай қала ма деп алаңдап отыр. Ондай жағдайда қандай жеңілдік болады?

Қазір бұл жан­дар­дың басында бас­панасы жоқ. Жұмыс­сыз. Менің үйім­де тұрады. Жал­­пы 13 адам бір үйде тұрып жатырмыз. Мем­лекет тарапынан ешқандай көмек бол­ған жоқ. Атырау облысында ондай қол­дау­лар болмай отыр, – дейді інісі Ержан Ай­панұлы.

– Меніңше, қан­дасымыз Серік Ай­пан­ұлының қы­зы оқуға түсіп кетуі қиын. Өйт­кені он жыл бойы қытай тілінде білім алған. Тіп­тен осында бір жыл бойы даярлық оқып жат­қандар­дың көбі биыл грантқа түсе алмады. Шектік балл ала алмай қал­ғандар көп. Олар түгілі он бір жыл Қа­зақстанда оқыған жер­гілікті балалар оқуға түсе алмай жатады. Мұн­дай шетелден келіп оқуға түсе алмай қал­ған талапкерлер көп, – дейді «Жібек жо­лы бауырластар» қоғам­дық бірлестігінің же­текшісі Әлия Тазабекова.

Бұл туралы «Отандастар қорының» КеАҚ Білім бағытының жауапты қызметкері, БҒМ Республикалық білім гранттарын беру жөніндегі конкурстық комиссиясының мү­шесі Нұрымжан Жұмағазиев былай деп жауап берді:

«Шетелден көшіп келетін қандастарға қа­тысты білім саласы бойынша қарасты­рыл­ған жеңілдік аймақтарға бөлінбейді. Елі­міздің 24 ЖОО-да даярлық оқуға болады. «Мы­нау Өзбекстаннан келген, мынау Қы­тайдан келген» деп бөлінбейді. Барлық қан­дас талапкерге бірдей жыл сайын 4 пайыз жеңілдік қарастырылған. Ста­тис­тикаға сүйенсек, орта есеппен алғанда Қы­тай елінен келген қандастардан жыл сайын 500 студент білім грантына ие болады екен. Сондықтан ата-аналар әлден жеңіл­дік іздеп оқушының психологиясын бұз­бай, керісінше талап қойып, жігерлендіріп, жақсылап дайындауы қажет».

Мал дәрігері қандастың түйесін неге сойдырды?

Атырау облысының даңқы мұнайымен ғана емес, түйе шаруашылығымен де шық­қаны белгілі. Өткен ғасырдың орта тұсында еліміздегі түйелердің 45 пайыздан астамы осы өңірде өсіріліп, тонналап ет, шұбат, жүн өткізіп, түйе малының пайдасы мол екенін дәлелдеген болатын.

Қазақстанның 180 миллион жайы­лым­дық жерінің 80 миллион гектары – шөл, 36 миллион гектары – шөлейтті алқап. Демек, айлап су ішпесе де, шөлге төзімді Ойсылқара тұқымын өсіремін деушілерге өріс жетеді. Өріс жетеді, бірақ пиғыл жетпей жатқандай. Олай дейтініміз 2004 жылы Қарақал­пақ­стан­нан Атырау облысына көшіп келген қан­­дасымыз түйеші Сандыбай Құлмышов қария түйе шаруашылығын дамытуға кедергілер барын айтады.

– Қарақалпақстан бұрын Қазақстанның жері болатын. 1936 жылдары Өзбекстан мақ­та егеміз деп Мәскеуден уақытша сұрап ал­ған еді. Мен сол жерде өмірге келдім. Қа­рақалпақстанның 55 пайызы – қазақтар. Олар ғасырлардан бері жалғасқан хал­қы­мыздың қалпын бұзбай сақтаған жер. Өкі­нішке қарай, ол жер шекараның сыртын­да қалып қойды. Ел тәуелсіздік алған соң атажұртқа көшуді мақұл көріп, 2004 жылы елге келдік, – дейді қандасымыз.

– 2012 жылы өзіміз бұрыннан білетін түйе шаруашылығымен айналыса бастадым. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойын­­ша несие алып, Маңғыстау облысынан 13 түйе әкеліп өсірдім. Бұл бір өркешті аруана тұқымды түйелер, – дейді шаруашы­лық иесі.

Сандыбай Құлмышов қарияның айтуына қарағанда, түйе шаруашылығын дамыту он­ша қиын да емес тәрізді. Себебі бұл түйе ма­лы басқа түліктерге қарағанда көнбістеу келе­ді. Қандасымыз өсіріп отырған түйе­лер­дің ерекшелігі – сүті мол, ыстық пен шөл­ге төзімді. Бірақ қазір мал өсіруде кедер­гілер көп. Соның біріне тоқталып өтейін. Ке­дергіні табиғаттан да емес пенделерден кө­ріп отырмыз. Ол – мал дәрігерлері. Ха­лық­тың сау малын ауруға шығарып, арзан ба­ғамен етке тапсыру белең алды. Бұл жа­ғ­дай еліміздің барлық жерінде бар жайт.

– 2017 жылы менің түйелерімнен қан алып, ішіндегі ең семіз үлегімді (аталық не­месе бурасы) бруцеллез ауруы бар деген же­леумен «етке тапсырасың» дегенді шы­ғарды мал дәрігерлері. Мен дәрігерлердің ше­шіміне сенгем жоқ. Қорадағы ең күйлі түйе болатын. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» де­ген, тағы да бір анализ алып көріңіздер де­ген сөзімді ветеринарлар тыңдамай, таныс судьясына хабарласып «ауру малын сой­­дырмай сақтап отыр» деген шешім шы­ғар­тып алды. Сол шешім шыққан соң, айып­пұл да салдырды. Төледім. Қысқасы, 2018 жыл мамырда соттың шешімімен (сот орын­даушысын жалдап) түйемді ет алатын жер­ге тапсыртты. Одан мен бір тиын алған жоқпын. Дәрігерлер малды жылына бір рет тек­сереміз дейді. 2017 жылы ауру деген түйе бір жылға таяу жүрді. Қорада басқа мал ауыр­ған жоқ. 2018 жылы әлгі түйені тексерген жоқ. Сонымен, күні бүгінге дейін ма­лым­­ды өсіріп отырған үлегімнің мәселесі ше­­шілмей келеді, – дейді түйеші қанда­сы­мыз.

«Мал ашуы – жан ашуы» деп қария бұл іс­ке әділдік сұрап, біраз есіктің табалдыры­ғын тоздырған көрінеді. Тіптен, сот пен про­куратурадан да үмітім үзілді дейді.

Қандас әжелер ұлттық қолөнерді тегін үйретеді

Қарақалпақстаннан Атырау қаласының маңындағы Тасқала ауылына көшіп келген бір топ ақ жаулықты әжелер «Хиуаз» қоғам­дық бірлестігіне шоғырланған. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп онда он саусағынан өнер тамған қазыналы әжелер қазақтың ұлт­тық қолөнерін қайта жандандырып, ұр­пақтарға жеткізуді мақсат тұтып отыр.

– Дүниежүзі қа­­зақ­тарының құ­рыл­­тайын­да Елбасы шеттегі қазаққа үндеу жол­дады, «ел­ге келіңдер» деп. Содан 2007 жы­лы ата­жұртқа көшіп кел­дік. Мемлекеттен жер алып, үй сал­дық. 2013 жылы «Хиуаз» қоғамдық бірлестігі заңды түрде тір­келді. Атырау өңірінде ұлттық қо­л­өнердің сая­быр­лап қалғанын байқадық. Сол себепті де Қарақалпақстаннан келген әже­лердің ба­сын қосып, осы істі қолға алдық. Бірлес­тік­те 16 шебер әже бар. Оның дені көп құр­сақ көтерген батыр апалар, – дейді «Хиуаз» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Шаһарман Әбілқасымқызы.

Мұндағы әжелердің бірі тоқыма тоқыса, бірі ұршық иіреді. Бірі құрақ құраса, енді бірі ою ояды, әрқайсысының өз ерекшелікте­рі бар.

– Мен тоқымашымын. Тоқыма өнері ІХ-Х ғасырдан бастау алған ғой. Ағыл­шын­дар­да әуелі ер адамдар тоқыған. Олардан әйел­дер қулықпен үйреніп алып тоқитын бол­ған. Бес жасымнан бастап тоқыма тоқи­мын. Қазір 72 жастамын, сонда 50 жылға жуық тоқып келе жатқан дүнием. Өмір бойы жинаған тәжірибемді жастарға үйре­тудемін, – дейді «Хиуаз» қоғамдық бірлесті­гі­нің мүшесі Гүлжан Асылбекқызы.

– Бауырсақ құрақ, қабырға құрақ, ши құ­рақ және сегізкөз, ботакөз деген құрақ бөс­тектердің түрлері болады. Әрқайсысы өзін­дік ғұрыптық ерекшеліктерге ие. Жаңа көтерген отауға құрақ бөстек төсеудің өз мәні бар. «Құралып кетсін» деген ырыммен тө­селеді. Осындай қазақтың ұлттық қолө­не­рін сақтайық, насихаттайық деп осы іске бел­сене кірісіп кеттік, – дейді «Хиуаз» қо­ғам­­дық бірлестігінің мүшесі Айым Сейіт­қызы.

Қазақта «шебердің қолы ортақ» деген сөз бар. «Хиуаз» қоғамдық бірлестігіндегі ақ жау­лықты әжелер тек тапсырыстарды ғана орын­дап қоймай, ұлттық қолөнер бұйым­дарын жасалу тәсілдерін кейінгі жастарға тегін үйретеді.

P.S.

Кезінде Атырау өңірі қандастарды қабылдауға арналған (Үкіметтен арнайы белгіленген) облыстардың бірі болды. Қазір ол мүмкіндіктер жоқ. Қандастар мәселесімен табанды айналысып жатқан қоғамдық ұйымдардың бірі – «Отандастар қорының» да бұл өңірде фронт-офисі жоқ болып шықты.  Атырау өңіріне Өзбекстан, Түркіменстан, Ресейдің Астрахан қаласы және Қалмақ Респубикасынан қандастар көптеп көшіп келеді. Себебі жақын орналасқан әрі ауа райы, өмір сүру салты ұқсас. Алайда Атырау облысында қандастарға деген қамқорлықтың әлі де кемшін түсіп жатқаны қынжылтады.

Бақытбек ҚАДЫР

Фото+видео Нұржан Тұрғымбай

Нұр-Сұлтан – Атырау 

 

Редакция таңдауы

Тарихшының таланы

Уақыт топырағының астында көміліп қалған ол жұмбаққа ауыспалы ұрпақ­тар өз көзқарасын білдіріп келе жатқанымен, шындықтың түйіні әлі шешіле қойған жоқ. Әл­декімдер Толстойды өлердей жек...

Бүгінгі журналистердің бас ұстазы

Редакциядан: 7 мамыр – радио күні. 1895 жылы осы күні ресейлік физик Александр Попов өзі құрастырған әлемдегі тұңғыш радиоқабылдағышты таныстырған. 1925 жылы тұңғыш рет...

Шәйнектен шыққан хат

«Ескі үйді бұзарда ша­ты­ры­нан қорапқа са­лынған бі­раз ыдыстар тауып алдық, – деді Би­босын жуырдағы бір оқиғаны баяндай бас­тап. – Бұл анамның көзі тірісінде тір­нектеп...

Елорда – егемендік жемісі

Осыдан 23 жыл бұрын 6 мамырда Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Бұл Алатаудан Сарыарқа төсіне бет түзеген қазақ көшіне жаңа серпін,...
f56222f0 c484 48bf 8bdd 1858fe32770b

НАТО-ның грантын ұтып алған ғалым

Сейтхан Азатұлы – 2004 жылы Қытай елінен көшіп келген қандасымыз. Ол бүгінде...
img 4626

Латын графикасына көшу мәселелері талқыланды

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен «Латын графикасына көшу - қазақ тілінің ауқымды...
5f868c7698515202366800

Елімізде індет қарқыны бәсеңдегені байқалды

Елімізде өткен аптада індет жұқтыру көрсеткішінің 2 пайызға төмендегені байқалды. Бұл туралы...

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы қырғыз еліне гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз еліне Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. «Қырғыз Республикасымен арадағы дәстүрлі достық, одақтастық және стратегиялық серіктестік қағидаттарды басшылыққа ала...

Елордалық оқушы Ұлыбритания патшайымынан хат алды

16 жастағы елордалық оқушы өткен жылдың соңында Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаға хат жолдаған. Осы жылдың басында ол хатқа жауап алыпты, - деп хабарлайды sxodim.astana. Өз...

Ақтөбеде Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайына батырдың мүсіні орнатылды

Ақтөбенің халықаралық әуежайына Әлия Молдағұлова есімі 28 сәуір күні берілген еді. Бүгін ресми таныстырылып, батыр қыздың бюсті орнатылды. Жиында батырдың туыстары, оның өмірін зерттеп...

«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары белгілі болды

Елордада «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің 2021 жылғы жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздар 10 аталым бойынша марапатталды. Оларға естелік мүсінше мен 1 млн теңге сыйақы берілді. «Үздік ақпараттық бағдарлама»...

Ұлы Отан соғысының батырларына арналған онлайн портал іске қосылды

Казақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері Ұлы Отан соғысының батырларына арналған порталды іске қосты. Қазақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері «Мәңгілік полк» акциясын онлайн форматта өткізу үшін портал жасап...

Университет аумағында «Елбасы саябағы» ашылды

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Елбасы саябағы» ашылды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне бой түзеген ағаштар...

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің туғанына 70 жыл

Бүгін қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні.  Классикалық күрестің шын шебері көзі тірі болса 70 жасқа толар еді. Өкінішке қарай, әлемді...

Демалыс және мереке күндері вакцина салу жалғасады

Алматыда демалыс және мереке күндері вакцина салу жалғасады. Бұл туралы «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнар Ысқақова айтты. «Қазақстанда...

«Кінәм жоқ»: Елжан Біртанов сотта мәлімдеме жасады

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ешқандай заңсыз әрекет, әсіресе коронавирус пандемиясы кезінде жемқорлық қылмыстарын жасамағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды  Sputnik "Бұрынғы денсаулық сақтау министрі...

«Тұмар» ұлттық телевизия бәйгесінің марапаттау рәсімі өтіп жатыр

Елордадағы Қазмедиа орталығында «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі басталды. Биылғы «Тұмар» V ұлттық телевизиялық сыйлығының номинанттарының шорт-парағына 40 финалист енді. Сыйлық алуға 10...

Тарихшының таланы

Уақыт топырағының астында көміліп қалған ол жұмбаққа ауыспалы ұрпақ­тар өз көзқарасын білдіріп келе жатқанымен, шындықтың түйіні әлі шешіле қойған жоқ. Әл­декімдер Толстойды өлердей жек...

Жақсылыққа – жақсылық әр адамның ісі

Неге екенiн қайдам, соңғы кезде «Адамдар арасында мейiрiмдiлiк, қайы­рым­дылық, кiшiпейiлдiк, жанашырлық, бауырмалдық азайып, жүрекке жайлы тиетiн iзгi iстер сиреп бара жатыр» деген сөздердi жиi...

Бүгінгі журналистердің бас ұстазы

Редакциядан: 7 мамыр – радио күні. 1895 жылы осы күні ресейлік физик Александр Попов өзі құрастырған әлемдегі тұңғыш радиоқабылдағышты таныстырған. 1925 жылы тұңғыш рет...

Шәйнектен шыққан хат

«Ескі үйді бұзарда ша­ты­ры­нан қорапқа са­лынған бі­раз ыдыстар тауып алдық, – деді Би­босын жуырдағы бір оқиғаны баяндай бас­тап. – Бұл анамның көзі тірісінде тір­нектеп...

Қарулы күштің қалқаны қару ғана емес

Қазақстан Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өз алдына Қарулы Күштерін құру туралы маңызды міндет қойды. Алғаш 1991 жылы 25 қазанда Елбасының Жарлығымен құрылған Қор­ғаныс комитеті кейін...

Елбасы халықты Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, – деп жазды elbasy.kz. «Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! Тәуелсіздік жылдарында еліміздің...

Алматы әкімдігі вакцинадан қайтыс болды делінген азаматқа қатысты пікір білдірді

Алматы әкімдігі вакцинадан қайтыс болды делінген алматылыққа қатысты пікір білдірді. «Әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны Б.Н. өлімі жайлы ақпарат тарауда. Алматы қаласының әкімдігі марқұмның туыстарына көңіл...

Маңызды мәселелер қаралды

Тұрғын үй-коммуналдық шаруа­­шылығы саласында қорда­ланған мәселелерді шешу үшін нұро­тандықтар иесіз желілерді пай­даланушы ұйымдардың мен­шігіне өтеусіз беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Электр қуаты мен жылу тариф­терінің бұдан...

Елорда – егемендік жемісі

Осыдан 23 жыл бұрын 6 мамырда Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Бұл Алатаудан Сарыарқа төсіне бет түзеген қазақ көшіне жаңа серпін,...

Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы тағайындалды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Telegram каналы...

Президент Жарлығымен бірқатар әскери қызметшілерге әскери шендер берілді

Ақорданың ресми сайты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әскери атақ алған қызметшілердің тізімін жариялады. Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 6 мамырда Қазақстан мен Дания Корольдігі ара­сында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Хаттамаға қол қойылды. 1992 жылғы 7 мамырда Президент Жарлығымен Мем­лекеттік қорғаныс комитеті...

Алмас Мыр­затай: Porshe-де басталған еңбек жолым Microsoft-та сәтті жалғасты

Былтыр Microsoft компаниясы Microsoft Translator тіл­дер то­бына қазақ тілі­нің қосылғанын ресми түр­де хабарлаған бо­ла­тын. Сондай-ақ, биыл ақ­пан айында қазақ ті­лінің Microsoft Teams плат­формасына енгі­зіл­гені...

«Қазпошта» онлайн сауда нарығын дамытып жатыр

«Қазпошта» биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 4 миллионға жуық сәлемдеме жеткізген. Компанияның жұмысы, пандемия кезінде де тоқтаған жоқ. Ұлттық пошта операторының арқасында 140-қа жуық мемлекет...

Тілегі бірдің тілі де бір болса…

«Кемедегінің жаны бір» дейді қазақ мәтелінде. Демек бір мем­ле­кет­те өмір сүріп жатқан халықтың да мемлекет мүддесі тұрғысынан ау­зы бір болуы тиіс. Бірлік үшін не...

«Түркістан» кемесі теңізге жол тартты

Орал қаласында жаңа «Түркістан» кемесі салтанатты түрде теңізге жол тартты. «Зенит» Орал зауыты АҚ құрастырған шағын қарауыл кемесіне «Түркістан» атауы берілді. ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің...

НАТО-ның грантын ұтып алған ғалым

Сейтхан Азатұлы – 2004 жылы Қытай елінен көшіп келген қандасымыз. Ол бүгінде Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің (Satbayev university) Химия және биологиялық...

Азат елдің армиясы − тәуелсіздік тірегі

Армия − елдің айбыны. Мемлекет тұтастығы мен қауіпсіздігінің ең басты кепілі. Демек, елдің Қарулы күші қаншалық мықты болса, сол елдің өсіп-өркендеуі мен дамуы да...

Ешқандай тоқ көзі жоқ: БҚО-да 6 жастағы қыздың өліміне қатысты жаңа дерек пайда болды

Батыс Қазақстан облысы Деркөл ауылында ойнап жүрген алты жасар қыз күмәнді жағдайда мерт болды. Газ құбырын екі қолымен ұстаған Айяның неден көз жұмғаны көпшілікке...

Айтылды – орындалды

Биыл жыл басынан бері Мемлекет басшысының Баспасөз қызметі «Айтылды – орындалды» айдарымен Президент тапсырмаларының орындалу барысынан ел-жұртты хабардар етіп отыратын жақсы үрдіс бастады. Осы арқылы...

«Бейқам өмір сүрдім деп айта алмаймын»: Сабина Алтынбекова өмірінің күрт өзгергені туралы айтты

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова өмірінде болып жатқан өзгерістер туралы айтты, - деп хабарлайды zakon.kz. Тұрмысқа шыққанға дейін мен мүлдем басқаша едім, батыл, тез ашуланшақ, тіпті...

Алексей Цой вакцинаның екінші компонентін алу мерзімі неліктен ұзартылғанын түсіндірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Спутник V" екінші компонентін алу мерзімі неліктен ұзартылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Бізге вакцинаны әзірлеген Гамалея атындағы орталықтан хат...

Атырауда Азия чемпионын атып өлтірген күдіктіге жаза кесілді

Атырауда Есенбек Сиғуатовты атып өлтірген қылмыскер 15 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.  Сот үкіміне екі тарап та наразы болған. Марқұмның ата-анасы...

Жоғалып кеткен кәсіпкер өлі күйде өзеннен табылды

Қарағанды облысында жоғалып кеткен кәсіпкер Нұрлан Сүлейменов өлі күйде табылды, - деп хабарлайды ҚазТАГ. "5 мамырда Қарағанды облысы ТЖ сүңгуірлері мен учаскелік полиция инспекторлары іздестіру...

Прокурор Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін одан әрі ұзартуды сұрады

Мемлекеттік айыптаушы соттан бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін 2021 жылдың 14 маусымына дейін ұзартуды сұрады. Осыдан екі апта бұрын ғана үйқамақ...

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына орай Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды akorda.kz. – Бүкіл халық қолдаған...

МӘМС: Елордалықтар жыл басынан бері 12,7 миллиард теңгеден аса жарна аударған

«Елордалықтар 2021 жыл басталғалы бері, яғни қаңтар-сәуір айларында медициналық сақтандыру үшін  12,7 млрд теңгеден аса жарна аударды, ал сәуір айында МӘМС үшін 3,7 млрд...

Ақмола облысында жолаушылар 19 жастағы такси жүргізушісін өлтіріп кеткен

Ақмола облысында мас жолаушылар өздерін жеткізіп тастаудан бас тартқан 19 жастағы такси жүргізушісін өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 4 мамырда Бурабай ауданының полиция бөлімінің кезекші...

Індет жұқтырғандар саны күрт өсті: Өткен тәуліктегі эпидемиологиялық ахуал

Елімізде өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 398, Алматы қаласы - 651, Шымкент қаласы - 70,...

Дүниежүзілік вакциналар конгресі коронавирусқа қарсы ең жақсы вакцинаны анықтады

Дүниежүзілік вакциналар конгресі (World Vaccine Congress Washington) американдық Moderna препаратын коронавирусқа қарсы ең жақсы вакцина деп жариялады. Шорт-тізімге "Спутник V", сонымен қатар AstraZeneca, Bharat Biotech,...

Израиль Сирияны зымыранмен атқылады

Араб Әмірліктерінің ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылдан 1 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алған. Құрбан болған және зардап шеккен тұрғындардың барлығы - бейбіт тұрғындар. Арасында...

Жеті облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жеті облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды 24.kz. 6 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20...

6 мамыр: Есте қалған елеулі оқиғалар

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Дания Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Хаттамаға қол қойылды. 1993 жылы Алматыда Республикалық кино үйінде 1991-1993 жылдары жасалған фильмдердің...

Билл Гейтстің әйелі қанша ақшаға ие болатыны анықталды

Билл Гейтстің әйелі Мелинда ажырасу кезінде құны 1,8 млрд доллар болатын құнды қағаздарды иеленді. Microsoft компаниясының негізін қалаушының әйелі Канада ұлттық теміржол компаниясының 1,5 млрд...

Электросамокат мінгендер ескеруі тиіс ережелер

Жас баладан бастап, үлкен жастағы адамдарға дейін электросамокатпен жүру ыңғайлы. Электросамокаттың ерекшелігі электр қозғалтқышы мен аккумуляторының болуында. Тіпті жанармай құйып әуреге салмайды. Электросамокатқа көлік...

Ұлыбританияда 50 жастан асқандарға вакцинаның үшінші дозасы салынады

Ұлыбританияның 50 жастан асқан тұрғындарына биыл күзде коронавирус инфекциясынан вакцинаның үшінші дозасын салу ұсынылды. Қазіргі уақытта елдің бас санитарлық дәрігері Крис Уиттидің жетекшілігімен екі түрлі...

Бөдене мың ауруға шипа

Бөдене туралы еліміздегі алғашқы ғылыми зерттеу жұмысының авторы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің PhD докторанты Мұхтар Байбатшановтың пікіріне сүйенсек, Чернобыль апатынан кейін ғалымдар апат аймағында...

Мәдина Әбілқасымова Тимур Әбілқасымовты кеңесші етіп тағайындады

Экономист Тимур Әбілқасымов қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттіктің ресми сайты. “Тимур Әбілқасымов тағайындалғанға дейін “Radius Advisory Lab” консалтингтік...

Жамбыл облысындағы вакцина шығаратын зауытқа тағы 1,6 миллиард теңге бөлінбек

Жамбыл облысында салынып жатқан биофармацетивкалық зауытқа бюджеттен қосымша 1,6 миллиард теңге бөлінеді. Мәжіліс тиісті заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "2021–2023 жылдарға арналған республикалық...

Жер шетелдіктерге сатылмайды. Мәжіліс мақұлдады

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына ҚР Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістермен және...

Перуашев: Денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктері өздеріне 15 миллион сыйақы жаздырып алады

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Денсаулық сақтау министрлігінің халықты вакцинамен қамту жөніндегі жұмысын сынға алды. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев пандемия кезінде шағын және орта бизнестің құлдырауына...

Жетім баланы қағып кеткен шенеуніктің ұлына қатысты министрлік пікір білдірді

Қаржы министрлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен МКК қызметкерінің ұлына қатысты жағдайға қысқаша түсініктеме берді. Бұл туралы Orda.kz хабарлады. - Бұл комитетке де, министрлікке де қатысы...

Коронавируспен ауырғаныңызды тырнағыңыз арқылы анықтауға болады – Британдық ғалым

Тырнақтағы сызықтар мен ойықтар коронавирустың салдары болуы мүмкін. Мұндай мәлімдемені Британдық профессор Тим Спектор жасады, деп хабарлайды Metro. Ғалым Twitter-де сурет жариялап, өсіп келе жатқан...

Елімізде валютаның жаңа түрі айналымға шықпақ

Қазақстан Ұлттық Банкі айналымға валютаның жаңа түрін - цифрлық теңгені енгізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды zakon.kz. Цифрлық теңге қолма-қол ақшамен қатар пайдаланылатын болады. Цифрлық...

Мирас Дәуленов Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

Үкімет қаулысымен Мирас Мұхтарұлы Дәуленов Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz премьер-министрдің сайтына сілтеме жасай отырып. Мирас Дәуленов 1983 жылы Шығыс Қазақстан...

Алматыда Hayat-Vax вакцинасын салу басталды

Алматыда Нayat-Vax вакцинасын салу басталды. Енді қазақстандықтар коронавирусқа қарсы үш вакцинаның біреуін таңдай алады. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық...

Ақтөбеде полицейлер жыл басынан бері 180 миллион теңгеден астам айыппұл өндірген

Ақтөбе қаласының полицейлері жыл басынан бері 180 миллион теңгеден астам айыппұл өндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы төрт айда 285 миллион...

Кадрлық өзгеріс: Архимед Мұхамбетов алты әкімді жаңадан тағайындады

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов алты басшыны ауыстырды, - деп хабарлайды sputnik.kz. "Бүгін қала мен аудан мәслихаттарының депутаттарымен келісе отырып, өз өкіміммен келесі кадрлық өзгерістер...

Екі қалада жол ақысы қымбаттады

Таразда қоғамдық көліктерде жол жүру құны 20 теңгеге қымбаттады. Жол ақысы картамен төлеген кезде 85 теңге, ал қолма-қол төлесеңіз — 130 теңге. Бұған дейін...

Латын графикасына көшу мәселелері талқыланды

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен «Латын графикасына көшу - қазақ тілінің ауқымды реформасы» атты онлайн форматтағы дөңгелек үстел өтті. 4 сағатқа созылған бұл жиынға...

P4P рейтингі: Геннадий Головкин оныншы орынға түсті

Бокс туралы жазатын Журналистердің Америка қауымдастығы (BWAA) салмақ санатына қарамастан (pound-for-pound), әлемнің үздік боксшыларының жаңартылған рейтингін жариялады, – деп жазды Sports.kz. ТОП-10 үздігі болып WBA...

Мәжіліс төрағасы қазақстандық вакцина шығаратын зауытты сынға алды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандық вакцина шығару бойынша Жамбыл облысында салынып жатқан зауытқа кімнің жауапты екенін сынға алды. «Министрліктердің қайсысы бұл зауыт үшін жауапты? Ленталары...

Пойызбен шекарадан миллион доллар алып өтпек болған екі машинист ұсталды

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мамандары «Узбекистон темир йуллари» акционерлік қоғамына қарасты «Өзбекстан» локомотив депосының екі машинисі Қазақстанға миллион доллардан аса ақшаны заңсыз алып өтпек болғанын...

Әділ Жанзақов Елбасы Протоколының бастығы қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Әділ Болатұлы Жанзақов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Протоколының бастығы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Елбасының ресми...

Елімізде 1,5 миллионға жуық адам вакцина салдырды

5 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 486 543 адам вакцина салдырды. Бұл мәліметтерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram парақшасында жариялады. Бұл ретте вакцинаның екі компонентін...

Бүгін – ұлттық театрдың негізін қалаушы Серке Қожамқұловтың туған күні

125 жыл бұрын (1896-1979) актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның Халық әртісі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек...

Nur Otan-да тұрғын үй кешендерін жаңа басқару формасына көшіру мәселесі қаралды

Соңғы үш жылда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін шешу үшін республикалық бюджеттен 330 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Ауқымды қаржыландыру көлеміне қарамастан, жолға, сумен, газбен...

Жазатайым оқиға емес: тоқ соғып, мерт болған 6 жасар қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Орал маңындағы Деркөл кентінде газ құбырын ұстап, тоққа түскен 6 жасар қыз мерт болды. Осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. «Бастапқыда бұл дерек жазатайым оқиға ретінде...

5 мамыр: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар

1918 жылы 5 мамырда Бүкілқазақ жастарының съезінде «Жас азамат» жастар ұйымы құрылды. «Жас азамат» ұйымының мақсаты – қазақ жастарын біріктіру, ұлттық мүддені қорғау. Съезде...

Түнде үй-іші ұйықтап жатқанда 3 жасар бала оянып, далаға шығып кеткен

Түркістан облысы, Жетісай ауданында 3 жасар бүлдіршін түн жарымында жалғыз жүргені анықталды. Түнгі уақытта кезекті шақыртуға шыққан полицейлер адасып қалған баланы тауып алған. Облыстық ПД...

Досының өлімін естіп, ашуланған: Алматыда лифтіні тепкілеген азамат ұсталды

Алматы қалалық полиция депаратаменті Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзған азаматты анықтады. Ол – 2002 жылы туған С.есімді азамат....

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман күтіледі

5 мамыр күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің тек солтүстік және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде екпінді жел,...

Үндістанда сайлауда Сталин жеңіске жетті

Үндістанның Тамилнад штатында өткен аймақтық сайлауда елге белгілі саясаткер Мутхувел Карунанидхи Сталин жеңіске жетті. Ендігі кезекте ол жергілікті әкімшіліктің төрағасы қызметін атқаратын болады, деп...

Вакцина алғандарға сыйлыққа сыра берілетін болды

Нью-Джерси штатының (АҚШ) губернаторы Фил Мёрфи Twitter-дегі жеке парақшасында коронавирусқа қарсы вакцина алған 21 жастан асқан тұрғындарға сыйлық ретінде сыра берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы...

«Головкин Деревянченкодан жеңілді». Америкалық боксшы төрешілер шешімімен келіспейді

Америкалық боксшы Деметриус Андраде Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) осыдан үш жыл бұрын украиналық былғары қолғап шебері Сергей Деревянченкодан (13-2, 10 КО) жеңіліп қалғанын...

Елімізде несие төлеу мерзімі шегерілді – Үкімет басшысы

Шағын және орта кәсіпкерлер үшін несие төлеу мерзімі кейінге шегерілді. Премьер-Министр Асқар Маминнің мәлімдеуінше, екінші деңгейлі банктерде несие бойынша төлем мерзімін осы жылдың 1 шілдесіне...

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарын қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады, – деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан жұмысы, XXIX сессия...

Алматы облысында перзентхана маңынан адам сүйектері табылды (видео)

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында адам сүйектері табылды, – деп жазды ҚазАқпарат. Бұл оқиға жайлы әлеуметтік желіде видео тарады. Бейнежазба авторы Есік қаласындағы перзентхана маңынан адамның...

Айзаданың өлімі: жігіт қызды алып қашып, зорлағаны белгілі болды

Бішкекте биыл 5 сәуірде Айзада есімді бойжеткенді ұрлап кеткен Замирбек Теңізбаевтың марқұмды зорлағаны белгілі болды, – деп жазды АКИPress. Бішкек Ішкі істер бас басқармасының мәліметінше,...

Дәрігерді соққыға жыққан науқас полицейлер келгенше қашып кеткен

Қостанайда травматология пунктінің дәрігерін соққыға жыққан азаматқа қатысты сот алды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қостанай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 3 мамыр күні сағат 23.50-де Қостанай...

«Nur Otan» медициналық қызметкердің құқығы жөніндегі институт құруды ұсынды

Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің бірінші отырысында денсаулық сақтауды дамытудың өзекті мәселелері мен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының басым...

Талдықорғанда полицейге пышақ салған азамат ұсталды

Талдықорғанда 23 жастағы ер адам полицейге пышақ салып, жәбірленуші ауруханаға түсті. Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ұсталған күдікті Көксу ауданының тұрғыны болып шықты. Ол қазір...

Елімізде 100-ші балаға бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды

UMC корпоративтік қорының мәліметінше, 29 сәуірде Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында еліміздегі 100-ші балаға бүйрек трансплантациясы жасалып, ота сәтті өтті. Орталықта бүйрек трансплантациясы...

Тергеу басталды: Алматы облысында гараждан екі жасөспірімнің мәйіті табылды

Алматы облысында гараждан 17 жастағы екі жеткіншектің денесі табылды. Жәбірленушілер автокөлікті жөндеу кезінде бензин буымен уланған. Алматы облысының Полиция департаменті оқиғаны растап, пікір білдірді. «Алматы облысының...

Мемлекет басшысы Тәжікстанға ресми сапармен барады

19-20 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына ресми сапармен барады, – деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі...

Дархан Қыдырәлі жаңа қызметке тағайындалды

Дархан Қыдырәлі «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында жазды. «Бүгін отандық ақпарат...

Қазақстан Үндістанға көмек көрсетуге дайын – Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Премьер-Министрі Нарендра Модиге жеделхат жолдады, – деп хабарлады Ақорда. Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанда COVID-19 індетінің қатты өршуіне байланысты қалыптасқан қиын-қыстау кезеңде Қазақстан халқы...

Мешіттерде жұма намазын оқуға рұқсат берілді

Елімізде діни нысандардың ашық ауада қызмет көрсетуіне рұқсат берілді. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «қызыл» және «сары» аймақтардағы діни нысандардың қызметіне жабық үй-жайда...

«Egemen Qazaqstan» мен «Казахстанская правда» газеттері біріктірілді

«Egemen Qazaqstan» мен «Казахстанская правда» газеттері біріктіріліп, дербес «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғам ретінде құрылды, - деп хабарлайды turkystan.kz. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму...

Мәлік Отарбаев жаңа қызметке ауысуына байланысты директорлық қызметтен кетті

Жазушы, аудармашы Мәлік Отарбаев жаңа қызметке ауысуына байланысты Қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық орталығының директоры қызметінен кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ. Мәлік Нұржанұлы көне де сирек...

Ақмола облысында сарқырамаға тағы бір адам құлап кетті

Оқиға 3 мамыр күні 15:00-де болған. Сарқырамаға құлап кеткен 45  жастағы ер адам түрлі дене жарақатымен Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды egemen.kz "Сарқырама...

Халықтың көлік салығы бойынша қарызы 30 миллиард теңгеден асты

Жалпы республика бойынша 1 миллионнан астам адамның мемлекет алдындағы қарызы - 30,7 миллиард теңге. Оның 26,8 миллиард теңгесі қарыздың негізгі сомасы болса, қалған 3,8 миллиард теңгесі - өсімпұл, -...

Келесі аптада жасөспірімдерге арналған вакцина мақұлдануы мүмкін

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) келесі аптада 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған Pfizer және BioNTech вакцинасын қолдануды мақұлдауы мүмкін. Бұл туралы The New...

Метро бекетіндегі апаттан 13 адам қаза тауып, 70 адам зардап шекті

Мехикода метро бекетіндегі апаттан 13 адам қаза тауып, 70 адам зардап шекті, - деп хабарлайды rbc.ru. Үйінді астында бірнеше көлік қалып қойған. 3 мамырда жергілікті...

Алматыда қара топырақ ұрлағандарды сотқа дейінгі тергеу басталды

Алматыда қара топырақ ұрлағандарды сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. Қала прокуратурасының баспасөз қызметі атап өткендей, Алматы қаласының мамандандырылған...

Елімізде індет қарқыны бәсеңдегені байқалды

Елімізде өткен аптада індет жұқтыру көрсеткішінің 2 пайызға төмендегені байқалды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. "Соңғы үш апта ішінде...

Елімізде вакцина алғандар үшін кейбір шектеулер алынып тасталды

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алған адамдар үшін кейбір шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды...

Премьер-Министр мамыр айында 2 миллионнан астам адамды вакцинамен қамтуды тапсырды

Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп ауыл тұрғындарын барынша вакцинамен қамтамасыз ету тапсырылды, - деп хабарлайды dknews.kz. Премьер-Министр Асқар Маминнің айтуынша, қазіргі уақытта эпидахуалдың тұрақтанғаны байқалады. "Вирустың...

Павлодар облысында 90-дағы қарт кісі вакцина салдыртты

Павлодар облысы Железин ауданында тұратын 90 жастағы қария коронавирусқа қарсы вакцина салдыртты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше,...

“Мердігердің материалы сапасыз”. Елорда көшелерінің бірінде асфальт опырылып түсті

Нұр-Сұлтанның сол жағалауында асфальт опырылып түсті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА. Ақпаратты "Астана су арнасы" МКК растады. "Мәңгілік Ел көшесі 82 мекенжайы бойынша мердігердің сапасыз материал орнатуына байланысты...