1 Қазан, 13:44 462 0 Руханият Túrkistan Gazeti

Дидахмет Әшімханұлына ескерткіш қойылды

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында белгілі жазушы Дидахмет Әшімханұлына ескерткіш орнатылды.

Жазушының 70 жасқа толуына орай ашылған ес­керткіш Шығыс Қазақстан облысы, Қатон­қара­ғай ауданында өзі қызмет еткен Мәдениет үйінің алдында бой көтерді.

Дидахмет Әшімханұлы 1950 жылы 10 мау­сым­­да Шығыс Қазақстан облысы Қа­тон­қара­ғай ау­данына қарасты Жаңаүлгі ауылында дү­ние­ге келген.

1978 жылы Қазақ Мемлекеттік универ­си­теті­нің журналистика факультетін бітірген.

1978-1980 жылдары «Қазақстан пионері», 1981-1992 жылдары «Қазақ әдебиеті», 1992-1994 жыл­дары халықаралық «Заман – Қазақстан» га­зет­терінде жұмыс істеген. 1994 жылдан халық­аралық «Түркістан» газеті бас редакторының орын­басары, «Ел-шежіре» қоғамдық қорының пре­зиденті және «Алаш» баспасының директоры қызметін атқарған.

Жазушының «Аққабаның толқыны» (1981), «Он бірінші күз» (1987), «Каменная падь» (1990), «Жер аңсаған сары атан» (1998), «Самырсын сазы» (2000) атты әңгімелер мен повестер жинақтары жа­рық көрді. Шығармалары әлемнің бірнеше ті­ліне аударылған. Сонымен қатар қаламгер А.Курчаткин, Т.Минулмен, А.Аширов, Х.Абдуллин, П.Пурзверу, т.б. шығармаларын қазақ тіліне ау­дарған.

Д.Әшімханұлы 2005 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанған.

Соңғы жаңалықтар