Головкин қазіргі заманғы үздік боксшылар үштігіне енді
1 қазан, 2020 /
Анар ЛЕПЕСОВА
Головкин қазіргі заманғы үздік боксшылар үштігіне енді
Ringsidereport.com журналисі Гари Уильям Геннадий Головкинді қазіргі заманға үздік боксшылар үштігіне енгізді, деп хабарлайды Sports.kz.
«Джошуа, «Канело» және Головкин — бокстың үш жарқын жұлдызы», - деп есептейді Уильям.
Геннадий Головкин келесі айқасын поляк Камил Шереметамен өткізеді. Бұл жекпе-жекте IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулының иегері анықталады.
Бұдан бұрын The Ring журналы салмақ санатына қарамай (pound-for-pound) әлемнің ең үздік боксшылар рейтингін жаңартқан болатын. Головкин әлемдегі ең мықты он боксшы қатарына енген еді.