Головкин қазіргі заманғы үздік боксшылар үштігіне енді

Головкин қазіргі заманғы үздік боксшылар үштігіне енді

Головкин қазіргі заманғы үздік боксшылар үштігіне енді
ашық дереккөзі
Ringsidereport.com журналисі Гари Уильям Геннадий Головкинді қазіргі заманға үздік боксшылар үштігіне енгізді, деп хабарлайды Sports.kz. «Джошуа, «Канело» және Головкин — бокстың үш жарқын жұлдызы», - деп есептейді Уильям. Геннадий Головкин келесі айқасын поляк Камил Шереметамен өткізеді. Бұл жекпе-жекте IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулының иегері анықталады. Бұдан бұрын The Ring журналы салмақ санатына қарамай (pound-for-pound) әлемнің ең үздік боксшылар рейтингін жаңартқан болатын. Головкин әлемдегі ең мықты он боксшы қатарына енген еді.