Қазақстанда сібір жарасы бойынша эпизоотиялық ахуал бірқалыпты
Қазақстанда сібір жарасы бойынша эпизоотиялық ахуал бірқалыпты
Сібір жарасы дүниежүзі бойынша көптеген елдерде адам және мал бойында кездесетін ауру. Бұл дерт елдердің ветеринариялық қызметіне немесе экономикалық даму деңгейіне бағынбайды деп жазады Ауылшаруашылығы министрлігінің сайты.
Айта кетсек, Халықаралық эпизоотиялық бюроның ресми сайтында 2016 жылдың өзінде Қазақстаннан басқа Қырғызстан, Италия, Швеция, Румыния, Украина елдерінде сібір жарасының таралғаны жөнінде хабарланған. Осы аурумен ірі және ұсақ қара мал, жылқы және шошқаның шалдыққаны тіркелген. Қазіргі таңда Ресей Федерациясының Ямало-Ненец автономдық аймағында 1500-ден астам марал сібір жарасынан қырылған.
Бүгінгі таңда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанның сібір жарасы таралған жерлерді ғана емес, еліміздің бүкіл облыстарын да қатаң қадағалауда ұстап отыр.
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті облыстық аумақтық инспекцияларының хабарламалары бойынша Қазақстанның өңірлерінде сібір жарасы бойынша эпизоотиялық ахуал бірқалыпты.
Сондай-ақ, Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы эпизоотиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірнеше іс-шараларды ұсынды.