30 Қыркүйек, 20:31 369 0 Қоғам Анар ЛЕПЕСОВА

Қазақстанда неше адамның қос азаматтығы бар

Қазақстанда қос азаматтығы бар 284 адам анықталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

ІІМ Көші-қон қызметі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстанда қос азаматтығы үшін жауаптылыққа тартылған 284 бұрынғы азаматты анықтады.

«Азаматтығынан айырылған адамдар бола тұра, тәртіп бұзушылар Қазақстан Республикасына келу және тұру үшін қазақстандық құжаттарды пайдаланды. Олардың бірқатары шет мемлекеттің азаматтығын қабылдағаны туралы уақтылы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы заң бұзушылықтар үшін 266 адамға ( 277 800 теңгеден 555 мың теңгеге дейін) айыппұл салынып, 18 адам елден шығарылды. Жаза тағайындау туралы шешімді сот органы қабылдайды», делінген хабарламада.

Халықаралық келісімдер қос азаматтықты болдырмау жөніндегі жұмысты жеңілдетеді, өйткені екінші тараптың азаматтығын алу туралы мәліметтерді Қазақстан қысқа мерзімде алады.

«Соңғы 2 жылда ІІМ-нің бастамасымен көші-қон саласында 23 халықаралық келісімге қол қойылды. Олардың 5-уі көші-қон саласындағы ынтымақтастықты реттейді (Әзербайжанмен, Беларусьпен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, Өзбекстанмен), 15-і адамдардың реадмиссиясы мәселелерін реттейді (Беларусь, Мажарстан, Германия, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Норвегия, Польша, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Чехия, Швейцария және Бенилюкс елдері) және 3-і азаматтардың Тараптар аумағында болу тәртібін айқындайды (Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан)», делінген хабарламада.

Келісімдермен заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасу тәртібі реттелді, көші-қон заңнамасын бұзушыларды басқа елдерге беру туралы мәселе шешілді. Сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімдері реттелді. Ведомствоның мәліметінге, қазір көші-қон саласындағы тағы 9 келісім (Армения, Вьетнам, Грузия, ҚХР, Молдова, Ресей, Түркия, Украина, Франция) келісу мен қаралу үстінде.

 

Соңғы жаңалықтар