Алматыда праймериз үміткерлерінің жария пікірсайысы аяқталды
Алматыда праймериз үміткерлерінің жария пікірсайысы аяқталды
«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының сегіз ауданында пікірсайысқа 200-ге жуық кандидат қатысты, олар бұрын өткізілген жеребе бойынша топтарға бөлінді. Екі апта бойы праймеризге қатысушылар алматылықтарға мегаполис проблемаларын шешу жолдарын ұсына отырып, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Пікірталастардың ең танымал тақырыптары ЖЭО-2 экологияландыру, Денсаулық сақтау мекемелеріндегі медициналық қызмет көрсету сапасы және оқушыларды қашықтықтан оқыту мәселелері болды.
Өткен жария пікірталастардың ерекшелігі – жүргізуші және оппоненттерден басқа, праймериз үміткерлеріне өмірдің түрлі салалары бойынша Алматы тұрғындары сұрақтар қойды. Бұл партияның аудандық филиалдарының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары арқылы жасалды. Мысалы, мұқтаж азаматтар үшін тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі бағдарламаларға, шағын және орта бизнес кәсіпорындарын дағдарыстан шығару тетіктері бойынша сұрақтар келіп түсті.