Вице-министр шетелдегі қандастарды «El.kz» порталын пайдалануға шақырды
Вице-министр шетелдегі қандастарды «El.kz» порталын пайдалануға шақырды
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов шетелдегі қандастарды «El.kz» ақпараттық-танымдық порталының жобасын пайдалануға шақырды.
Айта кетейік, бүгін «Отандастар қоры» мен «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» бірлесе отырып шетелдегі қазақ диаспораларымен онлайн-кездесу ұйымдастырылды. Оның аясында «El.kz» ақпараттық-танымдық порталының «Қандастар» жобасы таныстырылды.
«Бүгінгі маңызды кездесуде «El.kz» ақпараттық-танымдық порталы жаңа қырынан танылып отыр. Бұл портал туралы толық мәлімет берілген. Біздің мақсатымыз – осындай ортақ алаңдарды құру. Бір-бірімізді тереңірек танып, ақпарат алмасып отыратын алаңдар маңызды. Барлық елдердегі қандастар осы портал арқылы қосылып, өздері туралы, күнделікті өмірі жайында, жалпы жаңалықтарды El.kz арқылы жариялап отырса деген ұсыныс бар», - деді Марат Әзілханов.
«Мәдениет, бизнес және басқа да салалар бойынша қызықты мәліметтер жарияланса, қолдаймыз. «El.kz» ақпараттық-танымдық порталының арнайы «Қандастар» бөлімі баршамызға игілікті ортақ алаң бола алады. Сондықтан осы порталдың мүмкіндіктерін толық пайдалануға шақырамын. Мақалалар, сараптамалық зерттеулер болса, оны жариялау керек», - вице-министр. Асқар Умаров.