Ауыл шаруашылығы өнімдерінің 330,86 тоннасы Қырғызстанға қайтарылды

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің 330,86 тоннасы Қырғызстанға қайтарылды

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің 330,86 тоннасы Қырғызстанға қайтарылды
ашық дереккөзі
4 шілдеден бастап бүгінгі күнге дейін 330,86 тонна карантин астындағы өнімдері Қырғызстанға қайтарылды. Оның ішінде оңтүстік америкалық томат күйесі жұққан болгар бұрышы, шабдалы, өрік, алма, алтынтектес нематодасымен картоп, Комсток сымырымен шабдалы және жүзім бар. Айтылған мерзім аралығында фитосанитарлық куәлігі жарамсыз 142,63 тонна өнімге Қазақстан шекарасы жабылды. Еске салсақ, биыл 4 мамырда Қазақстан Республикасы фитосанитарлық талаптырды бұзу жағдайы көбеюіне байланысты Қырғыз Республикасынан картоп кіргізуіне уақытша шектеу қойған болатын. Осы шешімді қабылдағанға дейін карантиндік заты бар өнімдерді шекарадан өткізу кезінде 79 оқиға орын алды. Шектеуді алып тастағаннан бастап, яғни 4 шілдеден, Қазақстан Республикасының өсімдіктер қорғау аясындағы 52 заң бұзушылық тіркелген. Оның 41 оқиғасында карантиндік нысандар табылған. Аталған фактілер бойынша Қырғыз Республикасы Карантин және өсімдіктер қорғау бойынша Ұлттық мекемесіне хабарлама жіберілді.