Отбасындағы жанжал баланың болашағын бүлдіреді – Мәншүк Дүмбаева
Отбасындағы жанжал баланың болашағын бүлдіреді – Мәншүк Дүмбаева
Жыл басынан бері құқыққорғау органдарына тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары бойынша 130 мыңға тарта шағым келіп түскен. Коронавирус індетінің таралуына байланысты енгізілген карантин кезінде елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өскен. Биылғы жылдың наурыз-шілде айларында 33 отандасымыз тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған.
Осыған орай өткен аптада Мәжіліс депутатары «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясаттың құқықтық, әлеуметтік, институционалдық және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру мақсатында әзірленді. Осы ретте, Атырау облысындағы отбасылық жанжал және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдердің мәселесімен айналысып жүрген белсенді азамат Мәншүк Дүмбаевамен әңгімелескен едік.