Жаңалықтар

"Nur Otan" балаларды қорғау мәселелері бойынша жедел желіні іске қосты

ашық дереккөзі

"Nur Otan" балаларды қорғау мәселелері бойынша жедел желіні іске қосты

2020 жылдың 1 қыркүйек күні "Nur Otan" партиясының Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесі жанындағы "111 Жедел қызметі" байланыс орталығы өз жұмысын бастап, барлық мемлекеттік органдармен және 2324 жедел әрекет ету топтарымен тікелей көмек ұйымдастыруда. Барлық өтініштер "Nur Otan" партиясының өңірлік филиалдарының бақылауында болады. "Nur Otan" партиясы жанындағы "111 Жедел қызметі" байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төніп тұрғандығы, зорлық-зомбылық немесе қатыгездік жасалынғандығы туралы хабарлауға немесе біреу балаларға қауіп төндіретін объектіні, мысалы, ашық люкті, қауіпті жоғары вольтты электр желісін, ашық су көзін көргенін хабарлау үшін ашылды. "111" нөмірі - 24/7 жұмыс істейді; "111" нөмірі - конфиденциалды; "111" нөмірі - тәулік бойы ІІД және өңірлік жедел әрекет ету топтарымен байланыста; ”111” нөмірі балалардың, отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғауға байланысты барлық мәселелер бойынша өтініштер қабылдайды; Барлық қоңыраулар тіркеледі. Әрбір қоңырау шалушыға мәселе бойынша қандай шаралар қабылданғаны туралы кері байланыс беріледі. Әрқайсымыздың бұл тақырыпқа барынша ден қоюымыз маңызды. Баланың, әйелдердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнгеніне күдік туған жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік танытып, “111”-ге хабарлау қажет. Әрқайсымыз "111" нөміріне құқық бұзушылық туралы дер кезінде хабарлау арқылы отбасының, әйелдер мен балалардың қорғаушысы бола аламыз және болуға тиіспіз. https://youtu.be/r08_ZZUqXos