Қазақстан қалаларында 5G желісі қашан іске қосылады – министрдің жауабы

Қазақстан қалаларында 5G желісі қашан іске қосылады – министрдің жауабы

Қазақстан қалаларында 5G желісі қашан іске қосылады  – министрдің жауабы
ашық дереккөзі
Еліміздің үш ірі қаласында 5G желісі қашан іске қосылатыны белгілі болды.  «5G ұялы байланыс стандартын енгізу бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 11 тестік сынақ жүргізілді. Керекті жиілік диапазондарын босаттық. Ары қарай операторларға тарату механизмі қарастырылады. Сонымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 5G желілері 2022 жылы іске қосылады. Ал облыстық орталықтарда 2025 жылға дейін жоспарланып отыр», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.