Коронавирус: Шетелден келген азаматтарды елге кіргізу талаптары күшейтіледі

Коронавирус: Шетелден келген азаматтарды елге кіргізу талаптары күшейтіледі

Коронавирус: Шетелден келген азаматтарды елге кіргізу талаптары күшейтіледі
ашық дереккөзі
Қазақстан қазан айынан бастап басқа елдермен қосымша әуе қатынастарын жандандыруды тоқтатуы мүмкін. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде коронавирус инфекциясының таралуына тоқтату үшін осындай ұсыныс жасады.  «Шет елдерде коронавирус инфекциясының тарауы бойынша жағдайдың күрделеніп бара жатқанын ескере отырып, инфекцияның ел ішінде таралуына жол бермеу үшін 5 қазаннан бастап басқа елдермен қосымша әуе қатынастарын жандандыруды тоқтату ұсынылады. Сонымен бірге, бүгінге дейін әуе қатынастары ретке келтірілген елдермен әуе рейстерін арттырмауды, одан бөлек Түркия Республикасына рейстер санын азайтуды ұсынамыз. Екінші санатқа жататын мемлекеттерден келетін адамдарға келесі талаптарды міндеттеу керек: термометрия, анкеталау, коронавирус бойынша тесттен өткені туралы мерзімі көрсетілген анықтама (3 тәулік бұрынғы). Анықтама болмаған жағдайда келген адамдар карантиндік стационарларда екі аптаға дейін оқшауланады», - деді министр. Еске сала кетейік, 26 қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге әуе рейстері жанданды. «Air Astana» әуе компаниясының хабарлауынша, әзірге бұл рейске тек Қазақстан мен Ресей Федерациясының азаматтары және ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар адамдар қабылданады. Сондай-ақ, 20 қыркүйектен бастап Қырғызстанға халықаралық рейстер қайта жаңартылды. «Air Astana» компаниясының ұшақтары Алматы – Бішкек бағыты бойынша аптасына 2 рет ұшады.