Жаңалықтар

COVID-19: Нидерландта жаңа шектеулер енгізілді

ашық дереккөзі

COVID-19: Нидерландта жаңа шектеулер енгізілді

Нидерландтың үш қаласында эпидемиологиялық ахуал ушықты. Коронавирус жұқтыру деректерінің күрт көбеюіне байланысты ел билігі жаңа шектеулер енгізді.   Нидерланд премьер-министрі Марк Рюттенің айтуынша, елде қызыл аймақ қатарына жататын өңірлер саны артып келеді. Вирустың таралу қарқынын тоқтату үшін үкімет бүкіл мемлекет аумағына шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, елде мейрамханалар мен кафе-барлардың жұмыс уақыты қысқарады. Ал кеңсе қызметкерлері қашықтан жұмыс істеу режиміне көшеді. Сондай-ақ, барлық спорттық іс-шара жанкүйерсіз өтуі тиіс. Аталған шектеулер кемінде 3 аптаға созылмақ. Пандемия басталғалы Нидерландта 118 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Қатерлі вирустан 6,3 мың адам көз жұмды. Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлыбританияда шектеу шаралары күшейтілгенін хабарлағанбыз. Жаңа ереже бойынша елдегі мейрамханалар сағат кешкі онға дейін ғана жұмыс істейді. Барлық мекеме қызметкерлері бетперте тағуы тиіс. Сондай-ақ үйлену тойларына шақыруға рұқсат етілген қонақтар саны 15-тен аспауы тиіс. Бұған дейін ұлыбританиялықтар той-томалаққа 30 адамға дейін шақыра алатын.