COVID-19: Ресейлік оқушылар екі апталық демалысқа жіберіледі

COVID-19: Ресейлік оқушылар екі апталық демалысқа жіберіледі

COVID-19: Ресейлік оқушылар екі апталық демалысқа жіберіледі
ашық дереккөзі
Коронавирус жұқтыру деректерінің артуына байланысты ресейлік оқушылар екі апталық демалысқа жіберіледі. Бұл туралы Мәскеу мэрі Сергей Собянин мәлімдеді. Қала басшысының ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, оқушылар 5-18 қазан аралығында демалады. Әдетте Ресей мектептерінде күз айындағы демалыс бір аптаға созылатын. 18 қазанға дейін қашықтан оқыту да тоқтатылады. Қосымша білім беру мекемелері де екі апта жұмыс істемейді. Ал балабақшалардың жұмыс уақыты өзгермейді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, коронавирус індетін жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты Ресей үкіметі карантин шараларын енгізу мәселесін қарастыруда. Егер бір тәулік ішінде 10 мыңнан астам адамнан індет анықталса және жаңа науқастар саны жазылғандардан көп болса, елде карантин қайта енгізілмек. Өткен тәулікте Ресейде 8232 адамнан коронавирус анықталды. Ал пандемия басталғалы 1 167 805 адам індет жұқтырды. 952 399 адам емделіп шықса, дерті асқынған 20 545 науқас қайтыс болды.