Сот Ермегияевтің және EXPO ісі фигуранттарының шағымын қарайды. Бұл істің басты фигуранты Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айрылған еді. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Биыл 5 шілдеде Талғат Ермегияев сотқа апелляциялық шағым түсірген болатын. "Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық сотының Т.А.Ермегиявке және ЭКСПО-2017 ісі бойыншабасқа да тұлғаларға қатысты 09.06.2016 жылғы үкіміне прокурордың наразылығы мен апелляциялық шағымының қарастыруы 2016 жылдың 8 тамызы сағат 10.00-де өтеді", - делінген хабарламада.