29 Қыркүйек, 16:57 342 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

«Nur Otan» партиясы праймериздің таза, ашық әрі адал бәсеке болуын қамтамасыз етеді

«Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысып жатқан 734 кандидат саяси доданы жалғастырмайды. Бұл туралы партия хатшысы Әлібек Әлденей өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Оның айтуынша, партияішілік сайлауды барынша ашық әрі әділ өткізу үшін қатаң бақылау орнатылған.

«Праймериз ережесін және талаптарын бұзған қатысушылар партияішілік сайлаудан шығарылды. 29 қыркүйектегі жағдай бойынша 734 кандидат праймеризге қатыспайды. Оның 668-і өз қалауымен бас тартса, 27 үміткер дебатқа қатысудан бас тартқаны үшін шеттетілді. Тағы 4 кандидат партия Жарлығының талаптарын бұзып, әділетсіз саяси күрес жүргізген. 33 қатысушының кандидатурасын бастауыш партия ұйымдары кері қайтарды», – деп жазды партия хатшысы.

Ә.Әлденей әрбір шағым мен арыз мұқият тексеріліп, ереже бұзған жағдай тіркелсе шұғыл шара қолданылатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар