Жаңалықтар

Қай мамандыққа сұраныс көп?

ашық дереккөзі

Қай мамандыққа сұраныс көп?

ҚР Білім және Ғылым министрлігі өкілдері талапкерлер арасында қандай мамандықтардың сұраныста екенін атады. Бұл туралы білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысы барысында ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директорының міндетін атқарушы Гүлзат Көбенова айтты. Көбенова ханымның айтуынша, биыл 97 мың адам жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алды. Олардың шамамен 60 мыңы білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысып жатыр. Ол белгілі бір мамандықтар бойынша қандай конкурстардың қалай болып жатқанын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. "Дәстүрлі түрде аударма ісі мамандығында жоғары конкурс сақталып отыр, онда қазақ бөлімінде 1 орынға 16 адам таласса, орыс бөлімінде 1 орынға 24 адам таласады. "Стоматология" - бір орынға 15 адам. "Орыс бөлімінде "Халықаралық қатынастар" мамандығындағы бір орынға 22 адам таласады, "Құқықтану" мамандығының бір орнына 12 адам таласады. Ал талапкерлер ең аз таңдап жатқан мамандық ретінде екі шет тілі бөлімшесінде - неміс тілі, онда бір орынға 0,09 адам, "Француз тілі" бойынша бір орынға 0,18 адам, сонымен қатар, "Қоғаммен байланыс" - бір орынға 0,2 адам", - деді Көбенова. ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директорының міндетін атқарушының айтуынша, биыл педагогикалық мамандықтар бойынша 1280 грант бөлінгенін, мұнда бір орынға 3 адамның таласатынын айтты. "Қазақ бөлімінде "География" бағыты бойынша бір орынға 28 адам таласады, "АӘД" - бір орынға 22 адам, "Музыкалық білім беру" - 18, "Бейнелеу өнері" - 14, "Педагогика мен психология" - 12. Ал орыс бөлімін алсақ, "География" - бір орынға 18 адам, "АӘД" - 15, "Бейнелеу өнері және сызу" - 11 адам. Бұл мектептер мен колледждердің түлектері арасында мұғалім мамандығының сұраныста екенін көрсетіп отыр", - деп атап өтті Көбенова. Оның айтуынша, биыл техникалық мамандықтарға түскісі келетіндердің арасында конкурс үлкен. Қазақ бөліміне "Геодезия және картография" мамандығы сұраныста, мұнда бір орынға 7 адам таласады, "Материалтану және жаңа материалдар технологиясы" - 5 адамнан аса. "Ақпараттық жүйелер" - 4-тен көп, "Электрэнергетика" - 4-тен көп. Орыс тілінде "Геодезия және картография" мамандығы - 6-дан көп, "Ақпараттық жүйелер" - 4-тен көп, "Электрэнергетика" - 4 адам. Осылайша, осы мамандықтар бойынша конкурста бір орынға 2-7 адамнан таласады. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биыл техникалық және технологиялық мамандықтарға 12 593 гранттың бөлінгенін, педагогикалық мамандықтарға шамамен 5 мың гранттың бөлінгенін, ауыл шаруашылық және мал дәрігерлік мамандықтарына шамамен 2 690 гранттың, медициналық мамандықтарға 3 мың гранттың бөлінгенін хабарлады. Биыл 31 мың 702 грант бөлініпті. Оның 2950 орны жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне білім алуға, 28 752 гранттың бірінші курсқа қабылдауға бөлінген (күндізгі оқу - 28 452, сырттай оқу - 300 грант). Естеріңізде болса, келесі жылдан бастап ҰБТ алынып тасталады. Талапкерлер аттестат алу үшін бір сынақ тест тапсырса, Жоғарғы оқу орнына түсу үшін жеке тест тапсырады.