Жаңалықтар

Алдағы үш күнде еліміздің оңтүстігінде үсік жүреді

ашық дереккөзі

Алдағы үш күнде еліміздің оңтүстігінде үсік жүреді

29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Қазақстанда ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазгидрометтің хабарлауынша, еліміздің солтүстік-шығыс бөлігіне ғана циклон әсер етеді. Осыған байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады. Республика бойынша кей жерде тұман, желдің күшеюі күтіледі, ал оңтүстікте үсік жүруі мүмкін.