Жаңалықтар

Қандастарға арналған өнер шашуы

ашық дереккөзі

Қандастарға арналған өнер шашуы

27 қыркүйек күні «Ұлы дала елінен» жобасы аясында «Халық қазынасы» мемлекеттік өнер ұжымы шетелдегі қандастарға арналған «Қазағым-ай» атты онлайн концерт өткізді. ⠀ Ұлттық өнерді әлемге танытып жүрген "Халық қазынасы" ұжымының  концерті қазақ диаспорасына рухани қолдау көрсетуді, шетелдік қандастармен байланысты нығайтуды мақсат етті. ⠀ Онлайн концерт ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен, сондай-ақ Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, «Отандастар қоры» КЕАҚ және «Қазақконцерт» ұйымының ұйымдастырылуымен өтті.