28 Қыркүйек, 10:43 408 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

2,9 мыңнан астам медицина қызметкері әлеуметтік төлем алды

2,9 мыңнан астам медицина қызметкері COVID-19 инфекциясын және пневмонияны жұқтыруына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан өтемақы алды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 28 қыркүйектегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 2 955 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 29 медицина қызметкеріне қатысты ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды.

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан (638) және Алматы (373), Шымкент (140) қалалары, Қарағанды (368), Батыс Қазақстан (250), Атырау (180) және Ақмола (180) облыстары бойынша жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар