Жаңалықтар

Жамбыл облысында этноауыл салынады

Жамбыл облысында этноауыл салынады

Бұл туралы өңірлік туризмді дамыту және осы бағытта кездесіп отырған мәселелерді талқылауға негізделген жиын барысында айтылды.

Онда  «Көксай» этноауылының жобасы таныстырылып, Көксай шатқалынан демалыс орнын ашқалы отырған қожалық өкілі Нұрмұхаммед Исаков атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Оның айтуынша, бұл жоба туристерге тек демалыс ұйымдастырып берумен шектелмей, ұлттық болмысымызды да айшықтамақ.