Шымкент қаласының тұрғыны бүгінге дейін халықты алдап, ақша жинап отырған. Рolisia.kz-тің хабарлауынша, ол қылмыскерді Шымкент қаласында Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қолға түсірген. Негізі сол бөлімшеге бұған дейін 102 сымтетігіне апалы-сіңлілер хабарласып шағымданған болатын.
Айтуынша, олардың таныс келіншек «мүгедектік бойынша жәрдемақыға шығарып беремін» деп алдап, алаяқтық жолмен бірінен 135 мың теңге, екіншісін – 270 мың теңге алыпты.Бұл жайт Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК- нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні анықтап, полицияға жеткізді.