27 Қыркүйек, 10:37 819 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Полиция Балалар үйінен қашып кеткен жеткіншектерге іздеу салады

Батыс Қазақстан облысында балалар ауылының екі тәрбиеленушісі жоғалып кетті, – деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

25 қыркүйек күні Орал қаласы Зачаган кентінің полиция кезекші бөліміне облыстық балалар ауылының басшылығы шағымданып келген.

Кәмелет жасына толмаған екі жеткіншек ауылдан қашып кеткен. Олар – 2005 жылы 19 мамырда туған Сергей Таишев және 2006 жылы 10 қыркүйекте дүниеге келген Илья Шканов.

Сергейдің бойы – 160-165 см, шашының түсі – ақшыл сары. Үстінде қара түсті спорт жейдесі, көкшіл футболка, көк джинсы, аяғында қара кросс болған. Ильяның бойы – 158-160 см, арықша келген, көзінің түсі – қара, шашы қысқа қырқылған, қара түсті. Үстінде ақ көйлек, күңгірт көк түсті шалбар, қара туфли болған.

Олар 24 қыркүйек таңғы сағат 10:00 шамасында Орал қаласындағы балалар ауылынан шығып кеткеннен қайтып оралмаған.

Балалар жайлы қандай да бір мәлімет білетін жандар мына нөмірлер арқылы Орал қалалық полиция бөліміне хабарласа алады: (8-7112) 21-17-19, 28-33-96, 92-18-04, 98-44-53 немесе 102.

 

Соңғы жаңалықтар