26 Қыркүйек, 18:00 405 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Семей тұрғындары алаяққа 40 млн теңгеге алданған

Семей қаласында алаяқ жалған кәсіпке ақша инвестициялауды ұсынып талайды тұзаққа түсірген.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары алаяқтық жасаған 25 жастағы қала тұрғынын ұстады.

«Күдікті халықты әңгімеге тартып, жалған кәсіпке ақша құюды ұсынған. Айласын асырған ол 40 миллион теңгеден астам пайда көрді», – дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Сот үкімімен айыпталушы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Осы ретте, облыстық Полиция департаменті өңір тұрғындарын алаяқтардың құрбаны болмас үшін барынша мұқият болуға, күмәнді келіссөздерден аулақ болуға шақырады.

 

Соңғы жаңалықтар