26 Қыркүйек, 09:57 699 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Президент дәрігерлерге үстемақы төлеу үшін қосымша 150 млрд теңге бөлінетінін айтты

Медицина мамандарына үстемеақы төлеуге екінші жартыжылдықта қосымша 150 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалына бардым. Коронавирустың екінші толқынының қаупін ескере отырып, денсаулық сақтау саласына баса мән берілетін болады. Екінші жартыжылдықта дәрігерлердің үстеме төлемақысы үшін қосымша 150 миллиард теңге бөлінеді», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.

 

Соңғы жаңалықтар