25 Қыркүйек, 19:15 864 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Екібастұз қаласына жаңа әкім тағайындалды

Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімі болып Ардақ Қаңтарбаев тағайындалды.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Екібастұздың жаңа әкімін қала активіне өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов таныстырды.

Ә.Сқақов Екібастұз қаласының бұрынғы әкімі Ержан Иманзайыповқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа басшының алдына бірқатар тапсырма жүктеді.

«Екібастұз – Павлодар облысы үшін де, бүкіл ел үшін де маңызды қалалардың бірі. Жұртшылықпен бірге Екібастұзды дамытудың орта мерзімді бағдарламасын әзірлеу қажет. Мұнда өнеркәсіпті ғана емес, ауыл шаруашылығын да дамыту үшін үлкен әлеует бар. Еңбек ресурстары бойынша мәселелер бар. Сондықтан кадрларды даярлайтын және қайта даярлаудан өткізетін өңіраралық оқу орталығының сапалы жұмысын ұйымдастыру қажет. Маңызды бағыт – инвестиция тарту. Павлодар мен астанаға жақындығы, сондай-ақ дамыған көлік инфрақұрылымы үлкен артықшылық болып табылады», – деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов.

 

Соңғы жаңалықтар