Рио олимпиадасының ашылуына 30 мемлекет және үкімет басшылары барады

Рио олимпиадасының ашылуына 30 мемлекет және үкімет басшылары барады

Рио олимпиадасының ашылуына 30 мемлекет және үкімет басшылары барады
ашық дереккөзі

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада алауын жағу салтанатына кемінде 30 мемлекет және үкімет басшысы баруды жоспарлап отыр деп хабарлайды Reuters агенттігі. Бұған дейін 50 елдің жоғары басшылығының өкілдері Олимпиадаға қатысуды жоспарлап отырғаны жазылған еді. Латын Америка мемлекеттерінен Аргентина мен Парагвай президенттері байрақты бәсекенің ашылу салтанатына қатысатынын растады. Бразилиямен тығыз сауда қарым-қатынасын орнатқанына қарамастан, Аспан асты елі төрт жылда бір келетін Олимпиадаға тек вице-премьерін ғана жібермек.

Ал Еуропа елдерінің арасында дүбірлі доданың ашылу рәсімінде Германия, Франция мен Португалия президенттері бой көрсетеді.

АҚШ делегациясын мемлекеттік хатшы Джон Керри бастап бармақ. Сонымен қатар ол Бразилияда әріптесі Жозе Серрамен екіжақты кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Ресей президенті Владимир Путин Риода өтетін Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатыспайды. Бұған себеп - Ресей құрамасына күмән келтіріп, түгелдей допинг талдауына жібергені.

5 тамыз күні Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Төрт жылдықтың басты додасында еліміздің намысын 26 спорт түрінен 104 спортшы қорғайды. Бүгінде ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының астанасы Рио-де-Жанейрода қазақтың көк байрағы желбіреді. Кешенді сынның басталуына екі күн қалғанда, олимпиада қалашығында ресми түрде Қазақстанның мемлекеттік туын көтеру рәсімі өтті. Бразилияда жалауын көтеретін Рио Олимпиадасы ойындарын отандық үш телеарна көрсетеді.

Рио Олимпиадасының күнтізбесін сайтымыздан оқи аласыздар