24 Қыркүйек, 17:02 362 0 Праймериз Анар ЛЕПЕСОВА

Ақмола облысында "Праймериз" жүйесіне 36 мыңға жуық нұротандық тіркелді

Ақмола облысы бойынша «Праймериз» ақпараттық жүйесіне 36 мыңға жуық нұртотандық тіркелді. Бұл жалпы өңір бойынша партия мүшелерінің 96,4 пайызын құрайды.

«Nur Otan» партиясының жалпыреспубликалық ішкі сайлауында дауыс беруге санаулы күндер қалды.

Бұған дейін хабарлағанымыздый  Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, аудан әкімдері де «Праймериз» ақпараттық жүйесінде авторизациялау рәсімінен өтті.

Бұған дейін айтылғандай, ел тарихында алғаш рет дауыс беру электрондық түрде өтеді. Партия мүшелері түрлі форматтарды – мобильді қосымшаны, primaries.kz веб-порталын, учаскеде онлайн-дауыс берудің бірін таңдай алады. Сондай-ақ Интернетке қол жетімділігі жоқ аудандарда бюллетень арқылы дауыс беруге болады. Сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін «бір дауыс, бір ЖСН, бір мобильді нөмір және бір IP-адрес» қағидаты бойынша арнайы верификация жүйесі қолданылды. Дауыс беруге екі рет қатысу мүмкін емес. Бұл жағдайда сайлаушы бірден бірнеше кандидатқа дауыс бере алады.

Ақмола облысы бойынша праймеризге қатысушыларға  774 ұсыныс пен пікірлер келіп түскен. Облыс бойынша тіркелген 854 кандидат 171 пікір сайыс алаңында кездесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, келелі мәселелердің шешімін ұсынды.

Айта кетейік, праймериздің басты мақсаты – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына партиялық тізімдерге енгізу үшін қоғамның сенімі мен қолдауына ие болған беделді партия көшбасшыларын анықтау.

Кандидаттардың рейтингісі бар праймериздің қорытындысы 5 қазанда жарияланады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар