Жаңалықтар

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары тағайындалды

ашық дереккөзі

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары тағайындалды

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық істер бойынша орынбасары болып генерал-майор Әлібек Сералиев тағайындалды. Жоғары рангтағы офицерді Ұлттық ұланның жеке құрамына Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды. Министр Әлібек Болатұлы құқық қорғау саласындағы басқарушылық бөлікте үлкен тәжірибеге ие екенін, өз ісін абыроймен атқаратынына сенім білдірді. Әлібек Болатұлы Сералиев 1961 жылы дүниеге келген. Ленинградтағы СССР ІІМ жоғары саяси училищесін және Қарағанды қаласындағы ҚР ІІМ мектебін, Беларусь Республикасының Әскери академиясының Бас штабының факультетін бітірген. Саяси лауазымдарда болған. 2004 жылдан бастап 2008 жылға дейін ҚР ІІМ Ішкі әскер қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы бойынша орынбасары қызметін атқарған. 2013 жылдың мамырынан бастап Ұлттық ұланның «Оңтүстік» және «Батыс» қолбасшылығын басқарған.