Жаңалықтар

Праймериз: Түркістан облысы дауыс беру кезеңіне дайын

ашық дереккөзі

Праймериз: Түркістан облысы дауыс беру кезеңіне дайын

Түркістан облысындағы праймеризге арнайы әзірленген дауыс беретін 209 орын толығымен дайын. Оның 170-сінде онлайн, 39-ында офлайн дауыс берілетін болады. Аталған орындардағы 580 дауыс беру кабинкасында 460 компьютер орнатылып, ғаламтормен қамтамасыз етілген. Айта кетейік, 209 дауыс беру орнында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалына қарасты 245 бастауыш партия ұйымының 80 мыңға жуық мүшесі дауыс беруге әзірленуде. Бүгіннің өзінде Түркістан облысындағы партия мүшелерінің 97 пайызы «Primaries 2020» ақпараттық жүйесіне тіркеуден өткен. Тіркеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.