Жаңалықтар

Алматыдан Ұлан-Батырға ұшақ қатынайды

ашық дереккөзі

Алматыдан Ұлан-Батырға ұшақ қатынайды

Моңғолияның Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының шешіміне сәйкес, Ұлан-Батыр – Алматы – Ұлан-Батыр бағыты бойынша әуе рейсі 2020 жылғы 28 қыркүйекте ұйымдастырылады. Аталған рейсті Моңғолияның Hunnu Air әуе компаниясы жүзеге асырады. Рейстің ұшу уақыты және билеттің құны жөнінде ақпарат қосымша хабарланады. Hunnu Air  әуе компаниясы Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен шетелдік тамымалдаушының тіркеу туралы куәлігін алған.