Абай шығармалары моңғол тіліне аударылды

Абай шығармалары моңғол тіліне аударылды

Абай шығармалары моңғол  тіліне аударылды
ашық дереккөзі
Ұлан-Батыр қаласындағы Моңғолия ғылым және технология университетінде Моң­ғо­лияның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жазушы, ғылым докторы, профессор Сұлтан Тәу­кейұлының 18 томдық шығармалар жинағы­ның тұсаукесері өтті. Оның бір томы моңғол тіліне аударылған «Абайдың қара сөздері» кітабы. Аталған іс-шараға жергілікті қазақ диаспорасының өкілдерімен қатар ресми қонақ ретінде Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі Жалғас Әділбаев қатысты. Абай­ды моңғол тілінде сөйлеткен Сұлтан Тәукейұлы ғұ­ламаның шығармаларындағы философиялық көз­қарасы мен қоғамдық пікірі туралы ой бөлісе отырып, «Абайдың қара сөздерін» моңғол тіліне аудару бары­сында туындаған қиындықтар мен ақынның жазу ерек­шелігі туралы екжей-текжейлі баяндады. Сұлтан Тәу­кейұлының шығармашылық кеші барысында елші Ж.Әділбаев іс-шараға қатысушыларды Қазақстан Пре­зи­денті Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауымен таныстырып, елі­мізде білім мен ғылымға баса назар аударылып отыр­ғанын жеткізді. Сондай-ақ қазақтың ұлы ақыны және ой­шыл ғұламасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық ме­рейтойын атап өту шеңберінде қазақстандық тарап жүргізіп жатқан іс-шаралар жөнінде кеңінен мағлұмат берді. Сұлтан Тәукейұлы – өзінің саналы өмірін қазақ хал­қының тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық болмысын на­сихаттауға арнаған, ұлтжанды қаламгер.