Жаңалықтар

«Birgemiz» қорының көмегімен Мақтааралда 32 үй салынуда

ашық дереккөзі

«Birgemiz» қорының көмегімен Мақтааралда 32 үй салынуда

Мамыр айында Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасындағы апатқа байланысты Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында бірнеше ауылды топан су басқан болатын. Бүгінде Мырзакентте жаңа шағынаудан бой көтеріп, үйлер салынып жатыр. Сол үйлердің 20-сын «Nur Otan» партиясы «Birgemiz» қоры арқылы салып беруді ұйғарған. «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ауданға арнайы келіп, партия ықпалымен салынатын үйлердің іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Кейін жергілікті тұрғындар мен әкімдіктің сұранысына сәйкес, тағы 12 үйдің құрылысын жүргізу туралы шешім қабылданды. Қазіргі таңда партияның үйлестіруімен салынып жатқан 20 үйдің құрылысы аяқталған. Қалған 12-сінде жұмыс жалғасуда. Жалпы 32 үй де таяу уақытта тұрғындарға пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.