Жаңалықтар

Екінші толқын «елесі»

ашық дереккөзі

Екінші толқын «елесі»

Ғалымдардың вирус туралы болжамы көңіл көншітпейді, ал коронавирусқа қарсы вакцина әлі табылған жоқ. Әлемнің дамыған елдері де вирустың бірінші толқынынан үлкен шығынмен шықты. Пандемия біздің еліміздің де экономикасына әсер етті, ал денсаулық сақтау саласының түйткілді мәселелері су бетіне қалқып шықты. Осыны есепке алған Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев коронавирустың екінші толқынына дайын болу қажеттігін және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысын күшейту керегін қадап айтқан болатын. Коронавирустың бірінші кезеңінің ша­рықтау шегі халықты біраз әбірге сал­ды. Науқастардың ауруханаға сыймай дә­лізде жатқаны, жасанды тыныс алдыру ап­параттары мен дәрі-дәрмектің жетіспеуші­лігі созылмалы ауруы бар егде жастағы адам­дар арасындағы өлім жиілігі мен науқастар са­нының өсуіне алып келді. Коронавирус жұқ­тырған медицина қызметкерлерінің са­ны көбейді. Ауруханаға сыймаған науқастар үй жағдайында емделгендіктен, бір отбасында жаппай бірнеше адам ауырған жағдай да көбейе түсті. Елімізде Италия сценарийі қай­таланып, жұрт қалай емделудің жолын біл­мей дағдарып, тіпті халықтық емдеу тә­сілдерін қолдана бастады. Қарапайым қор­ға­ныш құралдары мен парацетамол таппай қи­налған елдің у-шуы біразға дейін басылма­ды. Вирус жұқтырғандар дертіне шипа таппай абдырағанда дәрі-дәрмек толған қойма тү­сірілген видео кең тарап, халықтың ашу-ыза­сын туғызды. Коронавирусқа қарсы кү­рес­те туындаған қиындықтарға байланысты тер­геу жүргізіліп, Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры мен «СҚ-Фармация» бас­шыла­ры қызметтен босатылғаны есімізде. Денсаулық сақтау саласындағы осындай жүйесіздік пен олқылық елімізде пан­демиямен күрес шараларының тиімсіз жүргізілгенін көрсетті. Нәтижесінде Елжан Бір­танов Денсаулық сақтау министрі қыз­ме­тінен босатылып, бұл қызметке Алексей Цой тағайындалды. Елімізде індет таралып, карантин жағдайы енгізілгелі бергі алты ай ішін­де министрдің жаңадан тағайындалып, мемлекеттік бас сани­тардың үш рет ауысуы денсаулық сақтау жүйе­сіне түбегейлі реформа енгізілуі керегін дә­лелдей түскендей. 2019 жылдың маусым айында Қазақ­стан­ның бас мемлекеттік санитар дәрігері болып та­ғайындалып, көктемде коронавирустың келгеніне «сүйінші сұраған» Жандарбек Бекшин елі­мізде төтенше жағдай жариялана сала қыз­ме­тінен босатылды. Бекшиннің орнына та­ғайындалған Айжан Есмағамбетова да қыз­метінде ұзақ тұрақтамады, бас санитар қыз­метін бар-жоғы алты ай атқарды. Пан­демия­ның бірінші толқыны еңсерілгеннен кейін Айжан Есмағамбетова да қызметінен бо­с­атылып, жақында мемлекеттік бас санитар дәрігер қызметіне Ерлан Қиясов тағайын­далды.